Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелді бастан": Нұржан Керменбаетың жары қалай күйеуге шыққанын баяндады

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Нұржан Керменбаевтың жары бүгінде бақытты отбасылық өмірді басынан кешіп жатқанын айтты. Назерке Керменбаева әнші күйеуімен шариғи жолмен үш-төрт рет кездесіп, отау құрғандықтан, бір-бірін әлі де танып білу үстінде екендерін жасырмады. Қыз бен жігіт сияқты жүріп көрмеген олар енді ғана бірін-бірі танып, біліп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назерке Керменбаева көпшіліктің сұрауы бойынша жұлдызды отағасымен қарым-қатынасы шын мәнінде қандай екенін айтып берді. Оған қоса, ол "Қара баланың" мінезіне қатысты бар шындықты ашты. Әншінің жары Instagram желісінде ауқымды жазба қалдырған.

"Парақшамда оқырмандар, "Нұрекеге қарағанда сенің сезімің басымдау секілді, Нұржаннан қандайда бір сезім байқалмайды" деп жиі жазады. Былай түсіндірейін.

Жалпы білесіздер біз шариғи жолмен үш, төрт көріп отбасын құрдық. Қыз бен жігіт болып, танып біліп үйленген отбасылардан біздің отбасы арасында айырмашылық бар. Біздікі басқалардан өзгеше.

Біз қазір қыз бен жігіт секілдіміз, арамызда ұлдарымыз болса да. Шаңырақ көтергенімізге биыл 6 жыл толады. Біз қызбен жігіт болып жүрмедік, мінезімізді білмей оқылмаған кітаптай қосылдық.

Біз қосылғанда менің тарапымнан Нұрекеге деген сыйлыстық, құрмет, ұнату, сенім деген сезімдер болды. Бастапқы 3-4 жыл біз бір бірімізді танумен отбасымыздың жалпы кірпішінің дұрыс қалануына ат салыстық.

Мінезімізді дұрыс білмеген соң түсініспеушіліктер болды, ортақ дос, қызығушылық, ортақ әңгіме болмады.Үйлену оңай, үй болу қиын. Екі жақтың сабырлығымен ақылдылығымен ата-анамыздың батасымен біздің отбасы қазір осындай деңгейге жетті. Шүкір деймін.

Нұреке табиғатынан мысы бар, ер мінезді сезімге келгенде кейде суық кейде қатал кісі. Әйелді басына шығарып бар айтқанын жасап, жанынан тастамай "ути-пути" дейтін ер азамат емес.

Бәрі өз орнымен өз уақытымен болғаны дұрыс қой. Бізге бір-бірімізді танып білуге уақыт керек болды. "Әйелді бастан", дегендей Нұреке о баста мені солай тәрбиеледі.

Өзінің ұстанымы тактикасы бар. Негізі кез келген қыз шыдамас еді деп өзімді мақтап қояйыншы.

Қазір бізде бәрі басқаша. Ортақ достарымыз бар, ортақ әңіме бар, сезім бар. Еркелей аламын, ойымды ашық айта аламын. Әлі де бір-бірімізді тану үстіндеміз.

Көп жағдайда бірін-бірі танып, қыз бен жігіт болып үй болған отбасыларда, үйленгеннен кейін біраз уақыт өте келе сезімдері басылып, махаббаттары сөніп жатады. Себебі бар жылулықты бар тәтті сөздерді жүріп жүрген кезде білдіріп қояды.

Ал бізде керсінше бәрі енді басталып жатқандай. Кеше ресми түрде екінші кездесуге бардық" , - деп жазды әртістің әйелі.

Айта кетейік, бұған дейін Нұржан Керменбаев үшінші мәрте әке атанатыны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1829469-jeldi-bastan-nrzan-kermenbaety-zary-kalaj-kjeuge-sykkanyn-baandady/

pixel