RU
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қанша жалақы алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қанша жалақы алады

Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов ТМД-ға мүше мемлекеттердегі еңбек стандарттары жөніндегі халықаралық конференцияда өзінің қызметінде қанша ақша табатындығын айтты. Шенеунік айына 600 мыңнан астам жалақы алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Сарбасовтың айтуынша, оның жалақысы басқа вице-министрлердің жалақысынан ерекшеленбейді. Шенеунік айына 600 мың теңгеден астам айлық алады.

Сондай-ақ, ол жалақы жүйесі барлық мемлекеттік қызметшілер үшін бірдей екенін алға тартты.

Оны есептеу кезінде еңбек өтілі, лауазымы сияқты критерийлер ескеріледі.

"Сәйкесінше, осы коэффициенттер орналастырылған. Сондықтан біздің жалақымыз 600 мыңнан асады. 650 мың теңге", - деді маман.

Еске сала кетсек, осыған дейін Рүстем Биғари неше жалақы алатынын айтқан болатын.

Оның сөзінше, шенеуніктің айлығы басқа вице-министрлердің жалақысынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Мемлекеттің қызметкер айына 640 мың теңге алатынын білдірді.

Биғаридің айтуынша, барлық деңгейдегі шенеуніктердің жалақысы бойынша толық есеп бар.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel