RU
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов айына қанша жалақы алатынын мәлім етті

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов айына қанша жалақы алатынын мәлім етті

Рассказать Вконтакте

Бүгін Солтүстік Қазақстан обылысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Дәстүрлі баяндамадан кейін сұрақ-жауап бөлімі басталды. Алғашқы қойылған сұрақтардың бірі әкімінің жлақысына қатысты болды.

Өңір басшысы сұрақтан жалтармай, айлығының қанша екенін бірден айтты.

"Мен 766 мың теңге аламын, бұл менің жалақыма қатысты", - деді Ақсақалов.

Ол өңір тұрғындарының айлық табысын көтеру мәселесін де қозғады.

Әкім мысал ретінде "Зинченко" компаниясын келтірді. Жыл сайын ЖШС иесі жұмыскерлері үшін үй салады. Осы жылы 18 үй салынған. Оның барлығы сумен қамтылған.

"Өйткені олардың бәрі жұмыспен қамтылған. Бұл ауылда. Мұнда бәрі жұмысқа тұру үшін келеді. Ол өзі ұлымен бірге таңнан кешке дейін жұмыс істейді. Өндіріспен осылайша айналысу керек.
Еңбекақы туралы мәселе бар. "Зенченко" коллективті серіктестігінде жалақы өте жоғары. Бәрі сонда ұмтылады. Жолдың арғы бетінде орналасқан шаруашылықтың еңбекақысы 70 мың теңге болады. Кім жұмыс істейді? Ешкім істемейтіні түсінікті!", - деді өңір басшысы.

Айта кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрінің орынбасары Рүстем Биғари қанша жалақы алатынын айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel