Сағынтаев айына қанша жалақы алатынын ашық айтты
Опубликовано:
Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ алаңында өткен брифингте қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дәстүрлі баяндамадан кейін сұрақ-жауап бөлімі басталды. Сауалдың басым бөлігі әуежайды ауыстыру мен метро құрылысына қатысты қойылды.
Сондай-ақ әкімнен жалақысының мөлшері де сұралды.
"Қолыма 850 мың теңге аламын", - деп қысқа қайырды Сағынтаев.
Сонымен бірге, журналистердің Нұр-Сұлтанды сағынасыз ба деген сауалына да жауап берді.
"Сағынбау мүмкін емес. Мен Алматыға 21 жылдан соң қайта келдім (...). Мен мұнда әрбір ғимаратты, әрбір төмпешікті білемін. Сондықтан, Алматы не, Нұр-Сұлтан не - екеуі де менің сүйікті қалам. Мен мұнда қуана-қуана келемін", - деді ол.
Қай қаланы көбірек жақсы көресіз деген сұраққа Алматы басшысы жай ғана күліп, бөлуге болмайды деп жауап берген.
"Нұр-Сұлтан - бұл астана. Астана қайда тұрғаныңа қарамастан бірінші орында", - деді әкім.
Еске сала кетсек, бұған дейін СҚО әкімі ҚҰмар Ақсақалов та айына қанша жалақы алатынын жариялаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1829700-sagyntaev-ajyna-kansa-zalaky-alatynyn-asyk-ajtty/