RU
Желіде Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мұрағаттық кадрлар пайда болды

Желіде Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мұрағаттық кадрлар пайда болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 1 желтоқсан күні, Қазақстан дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күніне орай дәстүрлі мереке атап өтілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген мұрағаттық кадрлар пайда болды

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Елбасы" Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де бүгінгі мерекеге арналған бейнеролик жариялады.

Ролик кадрларында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан маңызды оқиғалардың мұрағаттық түсірілімдері бейнеленген.

Қазақстанның түкпір-түкпірінде түрлі мерекелік шаралар өтеді. Айта кету керек, мерекеге орай қазақстандықтар екі күн - 1 және 2 желтоқсанда демалады.

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне арналған мереке осыдан сегіз жыл бұрын, 1 желтоқсанда белгіленді. Айтпақшы, бұл күн кездейсоқ таңдалмады.

Осыдан 28 жыл бұрын, 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқы алғаш рет мемлекет басшысы етіп сайлады.

Ұлт көшбасшысына арналған жалпыхалықтық сайлауда сайлаушылардың 98,7 пайызы дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мереке - Орталық Азия күнін белгілеу туралы ұсыныс жасағандығы белгілі болды.

Оны 15 наурыз күні Орта Азия елдері аумағында атап өту ұсынылады. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекет басшыларының екінші консультативтік кеңесінде өз бастамасын көтерді.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel