RU
"Әкем СХИ-ды тәмамдаған": Аян Өтепберген алғаш рет отбасы жайлы ашылып айтты

"Әкем СХИ-ды тәмамдаған": Аян Өтепберген алғаш рет отбасы жайлы ашылып айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал актер, "Дарын" жастар сыйлығының иегері Аян Өтепберген алғаш рет көпшілікке отбасы жайлы айтып, ағынан жарылды. Өнер иесінің сөзінше жанұясында өзінен басқа тұрмыс құрған әпкесі мен өзінен кіші қарындасы бар екен деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Аян Өтепбергенің айтуынша, өзі Алматы қаласында дүниеге келгенімен, балалық шағы Тараз, Шымкент қалаларында өткен екен.

"Алматыда үшінші ұрпағына дейін тұрмаған адамдар өзін "алматылықпын" деп айта алмайды. Бірақ бәрібір Алматыны мендей жақсы көретін адам жоқ шығар. Өзіме отбасым, ал халыққа өнерім тиесілі", - деген актер отбасына тоқталды.

"Әкем Тараз қаласындағы СХИ-ды тәмамдаған. Дәл қазір өзінің механик мамандығы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істейді.
Ал анам Таразда өзім білім алған №8 гимназияда ағылшын тілінің мұғалімі болды. Бүгінде ұлттық киімдер тігетін компанияда менеджер қызметін атқарады. 1987 жылғы әпкем тұрмыс құрған, екі ұлы және бір қызы бар.
Өзімнен кейінгі қарындасым Аружан әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде "Туризм" саласы бойынша білім алып жатыр. Қазір барлығымыз Алматы қаласында тұрып жатырмыз", — дейді Аян Өтепберген.

Өнер иесі сондай-ақ қарындасының да өте өнерлі екенін, кез келген іске икемі барын да айта кетті.

Актер уақыты тапшы болса да, бар уақытын отбасымен бірге өткізуді ұнатынын жеткізді.

"Тәулікте 24 емес, одан да көп сағат болғанда, барлығын да ата-анаммен, туған-туыстарыммен, өмір атты ұзақ жолда серік етіп таңдаған сүйіктіммен өткізетін едім. Мен үшін отбасымнан артық бақыт та, байлық та жоқ", — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel