RU
Адамның арманы қайткенде орындалады

Адамның арманы қайткенде орындалады

Рассказать Вконтакте

Сіз де қиялға ерік беріп, арманға қанат байлау пайдасы да, зияны да жоқ, тек уақыт өлтіру деп санайсыз ба? Ал экзотерика және психология мамандары қиялдаудың да, армандаудың пайдасы көп екенін айтады. Қандай пайдасы бар? Жалпы арман деген не? Мұны KAZ.NUR.KZ порталы Ernur.kz-ке сілтеме жасап анықтап көрген еді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Мақсат

Сізге дәл қазір, бүгін, ертең, болашақта не керек екендігін ойлап көрдіңіз бе? Қиялдың шарықтауында шек жоқ, тізгінді жіберіп, алысқа көз жүгірте білсеңіз. Күнделікті ұсақ-түйек, киім-кешек, ас-судан бастап, зәулім үй, соңғы үлгідегі жеңіл автокөлік, шет елдерге саяхаттау, бизнес бастау секілді армандарыңызды көз алдыңызға елестетіп, қиялдай біліңіз! Үлкен армандарыңыз жайлы ойлансаңыз, оған жету үшін міндетті түрде алдыңызға нақты мақсаттар қоясыз. Мақсатыңызға жету үшін ақырындап әрекет ете бастайсыз. Әрекеттеріңіздің ең бастысы, қиялыңызды күн сайын қайталап, ол туралы ойлаңыз.

Күш-қуат

Адам ешқашан өзіне жамандық тілемейді. Сондықтан жаман нәрсені ойламайды. Ал, жақсы нәрсені ойлау адамға ерекше күш-қуат сыйлайды. Бос қиял болса да адам қиялдау арқылы бақытқа бөлене алады. Өйткені адам жақсы нәрсені ойлағанда оның жүйке жүйесінде, жүрегінде, бүкіл қантамырларында қан жүгіріп, жақсы көңіл-күйге бөленеді. Бұл «бақыт гормоны» деп аталатын эндорфин бөлініп шығуымен байланысты. Көп қиялдаған адам жас көрінеді. Армандау адамның ішкі энергиясы толығып, болашағын айқын көре алатын, ұмтылысын арттыратын және жақсы өмір сүруге деген ынтасын күшейтетін қасиетке ие.

Күйзелістен сақтайды

Адам қиялдану арқылы күйзелістен шыға алады дегенге сенесіз бе? Бұл да мүмкін екен. Қиналып, өз мәселелерімен басын ауыртып жүрген адамға қиялы көмекке келеді. Жер бетінде сіздікінен де ауыр, сіздікінен тіпті бірнеше есе үлкен проблемалары бар адамдар да бар екенін естен шығармаңыз. Қиял – тек қана позитив сыйлайды. Сондықтан, күйзелістің құрсауында қалсаңыз да, қиялды шектемеңіз! Қиялдаудан шаршамаңыз. Ол сізді жарқын болашаққа жетелейді.

Стимул

Қандай да бір істі қолға алған болсаңыз, ол ауыр ма, жеңіл ме бәрібір, оның жиынтығы сізге қандай қуаныш алып келерін елестетіңіз. Қиял – бұл көз алдыңызға елестету. Бұл сіздің қолға алған, сүйіспеншілікпен бастаған ісіңізден рахаттануға, шабыттануға көмектеседі. Егер қолыңыздан келмей жатса, еңсеңіз түсіп, арман-қиялдың барлығын «көк сандыққа» салып, құлыптап тастамаңыз.

Жалқаулық

Арман мен жалқаулықты дос етпеңіз. Аяқты созып, шалқаңыздан жатып, «алма піс, аузыма түс» деуге болмайды. Қиялдау деген бұл емес. Қиял мақсат, еңбек, әрекетпен біріккенде ғана нәтижеге қол жеткізе аласыз.

Армандар орындалады

Жақсы ой – жақсылықты шақырады. Армандарыңызды бір арнаға тоғыстырып, басқара біліңіз, сол кезде ғана айқын мақсатыңызға жетесіз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel