Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы елорда атауының өзгеруіне қатысты жауап берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жеке басқа табынушылық жоқ деп есептейді. Бұл туралы ол германиялық Deutsche Welle телеарнасына берген сұхбатында мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Сонымен қатар, Қазақстан президенті ел астанасының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгертілуіне қатысты пікірін білдірді.

Сұхбат барысында журналист Жанна Немцова Тоқаевтан "Республика астанасының атауы Елбасы құрметіне өзгертілуі, мегаполисте Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қойылуы және Тұңғыш президент күні мерекесі белгіленуі жеке басқа табынушылықтың көрінісі емес пе?" деген сұрақ қойған болатын.

"Жоқ, мұнымен келіспеймін. Білесіз бе, Шолохов (Михаил Шолохов – ред.) "Жеке тұлғаға табыну болды ма?" деген сұраққа, "Тұлға болды ғой" деп жауап берген еді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ірі тарихи тұлға", – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, аталған сұхбат Қазақстан президентінің 5-6 желтоқсанға жоспарланған Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында өткізілген болатын. Әңгіме барысында Тоқаев өзін Украинадағы жағдайлар қорқытпайтынын атап өтті.

Журналист мемлекет басшысына "Қазақстан билігі Украинадағы жағдайлардан, атап айтқанда, Қырымдағы аннексия мен елдің шығысындағы соғыстан қорықпады ма" деген сауал қойды. Тоқаев өз кезегінде Қазақстанның Қырымда аннексия болды деп есептемейтінін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1830349-tokaev-elorda-atauyny-zgeruine-katysty-zauap-berdi/

pixel