RU
"Басын тоқпен қараған": Динара Сұлтан қызы жайлы құпияны ашты (фото)

"Басын тоқпен қараған": Динара Сұлтан қызы жайлы құпияны ашты (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Динара Сұлтан кіші қызы туралы бұған дейін еш жерде айтпаған тың мәліметпен бөлісті. Белгілі болғандай, өнер иесінің Иман есімді перзенті тұтығып сөйлейді. Эстрада жұлдызы баласының сөйлеу мәнеріндегі бұл өзгеріс не себепті орын алғанын білмейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/dinara_sultan1. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Динара Сұлтан Instagram парақшасында Иман есімді қызына арнайы жазба арнап, оны көпшілікке сипаттап берген.

"Кіші қызым Иман өте бауырмал, інілеріне жаны ашитын апатай, анасының көмекшісі, мектепте ұқыпты оқушы. Кішкентайында (1,5 жас) аяғына жаңа ғана қайнаған су құйып алып, күйіп қалғаны бар.

Екеуміз екі күн ауруханада ем алып шықтық. Құдайға шүкір, тез жазылып кетті. Өсе келе тұтығып сөйлейтін болды, оның себебін әлі күнге дейін түсінбеймін.

Не үш тілде бірден сөйлей бастағаннан ба, не күйіп қалғаннан ба, бұл бір құпия. Бармаған жер қалмады. Логопед. Басын тоқпен комп арқылы да қараған. Емші. Психолог. т.б. Қалай тұтығудан жойылу мәселесі біз үшін ашық сұрақ.

Өзі де түсінеді, менен кейде сұрап қояды «анашым,менің миымда бір қозғалыс па құбылыс па болған шығар, әйтпесе неден мен тұтығамын?!» деп. Негізі балаға сен «тұтығасың» (заика) деп айтуға болмайды екен. Әр адамның әрине өз тағдыры бар, бірақ қыз балаға әдемі, мәнерлі сөйлеу ешқашан артық болмаған. Сіздің ойыңыз қалай? Қалай көмектесуге болады" , - деп көпшіліктен көмек сұрады әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel