RU
Қарағанды облысында көктайғақтан 20-дан аса жол апаты тіркелді

Қарағанды облысында көктайғақтан 20-дан аса жол апаты тіркелді

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысын көктайғақ салдарынан бірнеше бағыттағы жолдар жабылып, көлік апаты жиілеуде. Тіпті, Теміртау қаласында мектептегі сабақ та тоқтатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: versiya.info

Көрнекі фото: versiya.info

Телеарнаның мәліметінше, жаңбырдың салдарынан қала сыртындағы жолдар мұз айдынына айналған.

Ал бұған еті үйрене қоймаған көлік жүргізушілері тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшырауда.

Полицияның ақпарынша, өңірде көктайғаққа байланысты 20-дан аса жол апаты тіркелген. Ауыр жарақат алғандар жоқ.

Мәселен, Шет ауданында 42 жолаушысы бар автобус аударылған. Полицейлер ондағы 42 адамды аман-есен шығарып, жақын маңдағы дәмханаға жеткізген.

Сондай-ақ, Шахтинскіге барар жолда бірнеше көлік соқтығысқан. Ал Теміртау қаласының көшелері тіпті, көк мұз екен.

Мұнда әсіресе жаяу жүргіншілер қадамы кібіртіктеп, жүруден қалған. Осы себепті түстен кейінгі ауысымдағы оқитын балаларға сабақ болмаған.

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетейік, 3 қараша күні Қызылорда облысындағы "Қызылорда-Құмкөл" тас жолында жолаушылар мінген автобус аударылып, салдарынан сегіз адам қаза болып, 20-дан аса адам зардап шеккен еді.

Қайғылы оқиғаның орын алуына көктайғақ себеп болған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel