RU

"Жүрегім тілінгені рас": Мырзахан Махановтың әйелімен ажырасып кеткені рас па

Telegram logo VKontakte logo

"Жігіттер" квартетінің әншісі Мырзахан Маханов алғаш рет жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. Өнер иесі ел арасында өзінің ажырасып кеткеніне қатысты қауесеттерге жауап беріп, қызу талқыға түскен тақырыпқа нүкте қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасының "Талантым-тағдарым" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Осыдан бес-алты жыл бұрын шаңырақ көтерген шоу-бизнес жұлдызы әйелімен айырылысып кеткеніне қатысты алғаш рет пікір білдірді. Маханов ел көкейінде жүрген сауалға жауап беріп, қазіргі күйін баяндады.

"Басымнан өткен жағдайларымның барлығын басынан-аяқ толық пісіп болмайынша мен оны айта алмаймын. Айтқым да келмейді. Бірақ, бір ауыз сөзбен айтайын. Түсінікті болсын деп, жүрегімнің тілінгені рас. Болды.
Жүрегіңе түскен дақ, адам көзі жұмылмайынша дақ болып тұра береді ғой. Әр адамның жүрегінде дағы бар ғой. Ол кетпейді. Реңдеп, бояуға да келмейді. Бір жеріңізді сырып алсаңыз да, ол тыртық болып қалады емес пе? Болды, ол дақ сондай, ешқайда кетпейді" , - деп жан сырын ақтарды Мырзахан Маханов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Жүрегім тілінгені рас": Мырзахан Махановтың әйелімен ажырасып кеткені рас па