RU

Қазақстанда құрастырылған ең арзан автокөліктердің бағалары қандай

Қазақстан автозауыттарында құрастырылған автокөліктерді шетелдік модельдерден қарағанда арзанырақ бағамен сатып алуға болады. Бұған қоса, оларды жеңілдетілген шарттармен алуға мүмкіндік бар. Нурфин редакциясы елімізде құрастырылған автокөліктердің бағаларымен танысып, ең арзандарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.

1. Lada Granta SE Classic, 3 145 000 теңге

Бұл 2019 жылы шығарылған аталған модельдің ең қарапайым комплектациясының минималды бағасы. Автокөлік механикалық беріліс қорабымен және стандартты комплектациямен жабдықталған. Елімізде құрастырылған автокөліктер тізімінде ең арзаны – Lada.

LADA Granta SE Classic. Бағасы: 3 145 000 теңге. Фото: ladaauto.kz
LADA Granta SE Classic. Бағасы: 3 145 000 теңге. Фото: ladaauto.kz: UGC

2. Ravon Nexia R3, 3 469 000 теңге

Қазақстанда құрастырылған Ravon маркалы автокөлігінің ең арзан бағасы осы. Ол Comfort комплектациясымен және механикалық беріліс қорабымен жабдықталған.

Ravon Nexia R3. Бағасы: 3 469 000 теңге. Фото: ravon.kz
Ravon Nexia R3. Бағасы: 3 469 000 теңге. Фото: ravon.kz: UGC

3. Рeugeot 301, 3 990 000 теңге

Бұл аталған маркалардың ішіндегі қозғалтқыш көлемі ең аз – 1,2 литр болатын автокөліктің бағасы. Ол механикалық беріліс қорабымен жабдықталған, ал комплектациясы бұдан 1 млн теңгеге қымбат тұратын аталған марканың қозғалтқыш көлемі көбірек автокөліктерімен бірдей.

Рeugeot 301. Бағасы: 3 990 000 теңге. Фото: peugeotkz.com
Рeugeot 301. Бағасы: 3 990 000 теңге. Фото: peugeotkz.com: Facebook

4. Chevrolet Niva L, 4 599 000 теңге

Елімізде құрастырылған жол талғамайтын көлік те механикалық беріліс қорабымен жабдықталған. Осы маркалы өзге автокөліктерден сыртқы дизайны мен комплектациясының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, бұдан қымбатырақ Chevrolet Niva-лардың бүйірлік айналарының корпусы кузовтың түсімен боялған.

Chevrolet Niva L. Бағасы: 4 599 000 теңге. Фото: niva-chevrolet.kz
Chevrolet Niva L. Бағасы: 4 599 000 теңге. Фото: niva-chevrolet.kz: UGC

5. Kia Picanto, 4 790 000 теңге

Бұл баға тек ақ түсті хетчбектерге арналған. Дәл осы модельдегі автокөліктердің басқа түстері 40 мың теңгеге қымбатырақ. Елімізде құрастырылған Kia автокөлігінің ең арзан түрі автоматты беріліс қорабымен және Classic комплектациясымен жабдықталған.

Kia Picanto Classic. Бағасы: 4 790 000 теңге. Фото: kiamotors.kz
Kia Picanto Classic. Бағасы: 4 790 000 теңге. Фото: kiamotors.kz: UGC

6. JAC S3, 4 920 000 теңге

Бұл кроссовер осы маркалы қымбатырақ автокөліктерден тек комплектациясымен ғана ерекшеленеді. Сондай-ақ JAC S3 осы модельдердің арасында механикалық беріліс қорабымен жабдықталған жалғыз автокөлік.

Jac S3. Бағасы: 4 920 000 теңге. Фото: jac-motors.kz
Jac S3. Бағасы: 4 920 000 теңге. Фото: jac-motors.kz: UGC

7. УАЗ Патриот, 5 700 000 теңге

Қазіргі таңда бұл Қазақстанда құрастырылатын 2019 жылғы УАЗ автокөліктерінің ең арзан түрі. "Патриот" корпусының заманауи дизайнымен ерекшеленеді. УАЗ автокөліктерінің барлығы механикалық беріліс қорабымен жабдықталған.

УАЗ Патриот. Бағасы: 5 700 000 теңге. Фото: uazauto.kz
УАЗ Патриот. Бағасы: 5 700 000 теңге. Фото: uazauto.kz: UGC

8. Hyundai Accent, 6 090 000 теңге

Бұл аталған маркалы автокөліктердің механикалық беріліс қорабымен жабдықталған жалғыз түрі. Қымбатырақ модельдердің беріліс қорабы автоматтандырылған. Олардың ең арзаны бұдан 200 мың теңгеге қымбат тұрады.

Hyundai Accent Active Plus. Бағасы: 6 090 000 теңге. Фото: hyundai.com
Hyundai Accent Active Plus. Бағасы: 6 090 000 теңге. Фото: hyundai.com: UGC

9. Skoda Octavia FL, 7 090 000 теңге

Бұл да аталған маркалы автокөліктердің механикалық беріліс қорабымен жабдықталған жалғыз түрі. Комплектациясы – Active. Ал автоматтандырылған беріліс қорабы бар дәл осындай моделі 500 мың теңгеге қымбатырақ.

Skoda Octavia FL. Бағасы: 7 090 000 теңге. Фото: skoda-auto.kz
Skoda Octavia FL. Бағасы: 7 090 000 теңге. Фото: skoda-auto.kz: UGC

Сонымен қатар, Қазақстанның автозауыттарында Iveco мен Ankai маркалы автобустар, қоқыс тасушы көліктер, самосвалдар мен өзге де арнайы техникалар құрастырылады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1830502-kazakstanda-krastyrylgan-e-arzan-avtoklikterdi-bagalary-kandaj.html