RU
Із-түзсіз жоғалған британиялық модельдің денесі жағажайдан табылды

Із-түзсіз жоғалған британиялық модельдің денесі жағажайдан табылды

Рассказать Вконтакте

Англияның Девон графтығы Эксетер қаласы тұрғыны, 28 жастағы модель Холли Капронның денесі жағажай аумағынан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Daily Mail басылымының ақпарынша, 24 қараша күні Холли Капрон саябақтан достарына қоңырау шалған.

Ал ертесіне із-түзсіз жоғалып кеткен. 1 желтоқсан, жексенбі күні таңертең оның денесі Бриксхем қаласындағы қоғамдық жағажай аумағынан табылды.

Достарының айтуынша, артында екі жасар баласы қалған Капрон 19 жасынан бастап модель болып жұмыс істеген.

"Өте жігерлі қыз болатын. Өмірлік қиындықтарды үнемі күліп қана еңсеретін", – дейді марқұмның 25 жастағы құрбысы Софи Боулаз.

Белгілі болғандай, Холли Капронның психикалық ауытқуы болған және бұған дейін де із-түзсіз жоғалып кетіп жүрген. Алайда, бірнеше күннен кейін үйіне оралатын болған.

Аталған іс бойынша тергеу жүргізіледі. Капронның жоғалуы мен қаза болуының себептері әзірге айтылмай отыр. Алайда, Девон мен Корнуолл округтерінің полиция өкілі қыздың өлімін күмәнді деп есептемейтінін атап өтті. Марқұмның туыстарына қаралы хабар жеткізілді.

Еске сала кетейік, 3 желтоқсан күні Қарағандыда металл контейнерден із-түзсіз жоғалған келіншектің денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Жанар Бөлегеноваға осы жылдың бірінші желтоқсанынан бастап іздеу жарияланған еді. Ал шын мәнінде келіншек 29 қарашадан бастап хабарсыз кеткен екен.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel