RU
Бұрынғы вице-министр Шкарупа Тоқаевқа арыз жазды

Бұрынғы вице-министр Шкарупа Тоқаевқа арыз жазды

Рассказать Вконтакте

Осыған дейін Энергетика вице-министрі қызметінде болған, қазір қылмыстық істе күдікті атанған Анатолий Шкарупа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына арыз жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қарағанды облысы әкімінің сайты

Фото: Қарағанды облысы әкімінің сайты

Бұл ақпаратты сотта экс-вице-министрдің құқығын қорғайтын адвокат Нұрлан Бейсекеев желідегі парақшасында мәлімдеді.

Өз жазбасында құқық қорғаушы өз қорғауындағы азаматтың арызына президент назар аударады деп үміттенетінін айтты.

Адвокат Шкарупа жазған хатында "елдегі соттардың азаматтардың жеке бас бостандығына конституциялық құқығын бұзуы" туралы дәлелдер келтіргенін атап өтті.

Одан бөлек, құқық қорғаушы хатты Бас прокуратураға жолдамауды сұрады. Заңгердің сөзінше, онда "бұл құқыққа бей-жай қараған".

Сөз соңында Бейсекеев өзіне Президент әкімшілігінде аталған қылмыстық істің заңдылығын сараптайтын жұмыс тобы құрылғаны мәлім екенін түртіп өтті.

Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы шенеунік 215 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде. Сот аталған іске байланысты процесті бастап кетті. Күдіктілер қатарында тек Шкарупа ғана емес, тағы екі шенеунік бар. Олардың мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлауға немесе жымқыруға байланысы бар болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel