RU
Нью-Йорк әуежайында Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қоршап алды (фото)

Нью-Йорк әуежайында Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қоршап алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 9 желтоқсанда Димаш Құдайберген Нью-Йоркке ұшып жетті. Қазақстандық орындаушының әр елден жиналған жанкүйерлері постерлер, жалаушалар, фотосуреттері мен альбомдарын ұстап тұрып, әуежайда өздерінің кумирін қарсы алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

Ерекше тапқыр фанаттардың бірі қуыршақ "мини-Димашты" да алып келген.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

Санкт-Петербургтен келген жас тыңдарман Ресейдің мәдени астанасында өткен Димаштың жеке концертінен кейін Нью-Йоркке ұшып келген.

Катерина есімді қыз өзінің сүйікті әншісін қуанту үшін көк түсті қазақ камзолын киген.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

«Димашты қуантқым келді. Басқа елде өз ұлтыңның нақышын көру қашанда керемет қой», - деп түсіндірді ол.
Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

«Меніңше, мұндай сымбатты жігіттің талантты болуы мүмкін емес секілді еді! Мен Димаш туралы Ержан Максим арқылы білдім. Ол бір сұхбатында Димашқа ұқсағысы келетінін айтқан соң, маған оның кім екені қызық болды. Содан бері ел аралап, оның концерттерінен қалмай жүрмін» - деді жұлдыздың тағы бір жанкүйері Ангела Ким.

Калифорния, Мексика, Болгария, Чили, Ресей, Қазақстаннан келген жанкүйерлер бір ауыздан: «Димаш үшін тіпті әлемнің шетіне дейін барамыз!», - дейді.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

Ұлттық ою-өрнектермен киінген әйелдер қазақтың тағамдарымен қоса кәдесыйларын, "Димаш" фирмалық шайын әншінің өнерін бағалаушы өзге шетелдердіктерге сыйға тарту үшін алып келген.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

Жанкүйерлер әншінің барлық жақтан қоршап алып, бір сәтте оның атын шуласып айта бастады.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

Ұзақ ұшу уақыты мен ұшақ ауыстыруына қарамастан, Димаш өзінің жанкүйерлеріне күле құшағын жайды, қолтаңба беріп, суретке түсті және "бәріңізді жақсы көремін", - деп лебізімен бөлісті де, концерт алдында күш жинап алу үшін қонақүйге кетті.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Нью-Йоркте қазақстандық әншінің жеке концерті өтеді. Димаш төрт тілде ән орындайтын болады.

Нью-Йорктегі әуежайда Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды (фото)

Фото: NUR.KZ

Анықталғандай, концерт ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өтеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel