RU

Каспий теңізінің жануарларына жойылу қаупі төніп тұр

Рассказать Вконтакте

Балықтар мен Каспий теңізін мекендейтін басқа да жануарларға жойылу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясының география институты жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Әзірбайжанға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Каспий теңізінің гидрометеорология бөлімі атап өткендей, соңғы жылдары теңіз бетіндегі судың температурасы бірте-бірте көтеріліп келеді.

2001-ден 2015 жылға дейінгі аралықта теңіз бетіндегі судың температурасы 0,35 градусқа көтерілген. Зерттеулерден су температурасының жыл сайын бірде төмендеп, бірде көтеріліп жататыны белгілі болған. Алайда, аталған 15 жылдың ішінде тек температураның өсімі байқалыпты. Ғалымдардың пікірінше, бұл Каспийдің жануарлар әлеміне елеулі нұқсан келтіруі мүмкін.

Әзірбайжан ұлттық ғылым академиясының география институты балықтардың, итбалықтардың және басқа да теңіз мекендеушілерінің белгілі бір температураға үйреніп қалатынын жазды.

"Егер температура 0,5 немесе бір градусқа көтерілсе, катастрофа болады. Теңіз жануарлары жаппай қырылып қалуы мүмкін", – деп атап өтті институт мамандары.

Әзірбайжандық ғалымдардың пайымдауынша, Каспий теңізінің бетіндегі су температурасы көтерілуінің негізгі себебі – жаһандық жылыну процесі. Сондай-ақ теңіз деңгейінің төмендеуі де мәселені күрделендіруде. Мамандардың есебіне сүйенсек, қазіргі уақытта теңіз деңгейі алты-жеті сантиметрге төмендеген, демек, тағы он жыл ішінде жарты метрге дейін жетуі мүмкін.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Каспий теңізінің жануарларына жойылу қаупі төніп тұр
Mailfire view pixel