RU

Желіде үйлердің үстінде ұшып жүрген тылсым заттың видеосы пайда болды

Желіде калифорниялық Менифи қаласының аспанында қалықтап, жымыңдап тұрған оттар бейнеленген видео пайда болды. Оны түсіріп алған куәгер мұның беймәлім ұшып жүрген нысан болуы мүмкін екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Желіде үйлердің үстінде қалықтаған тылсым заттың видеосы пайда болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Роликтен тылсым ғаламның кемесін еске түсіретін объектінің үйлердің үстінде дыбыссыз қалықтап, жылжымай тұрғанын көруге болады деп хабарлайды Daily Star

"Масқара, бұл не болғаны? Егер бұл дрондар болса, онда оның ортасында не тұр және ол дрон болатындай тым биікте орналасқан", - дейді кадр сыртындағы куәгер.

Содан кейін шошынған ер адам мұның беймәлім ұшып жүрген нысан болуы мүмкін екенін сөз етті.

Видео авторы өзінен бөлек кем дегенде 100 адамың аспанда қалықтаған шамдарды көргенін айтуда.

Оның сөзінше, беймәлім нысан бес минуттай аспанда қалықтап, содан кейін жасырынып қалған. Желі қолданушыларының көбі кадрда не болып жатқанын түсіндіре алмады.

"Мүмкін бұл жай ғана ғимараттың үстіңгі қабатында болып жатқан сауық кеші шығар", "Не болса да, өте үлкен екен", - деп жазды олар.

Сонымен қатар, олардың арасында ол жарықтың парашютпен секірушілер екенін айтқандар да болды. Олардың пайымы да рас болып шығуы мүмкін. Себебі Red Bull skydive командасы әуеде түрлі трюктарды видеоға түсіріп жатқан.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831142-zelide-jlerdi-stinde-kalyktagan-tylsym-zatty-videosy-pajda-boldy.html