RU
Үнді елінен келген студент шығармасын Президент Жолдауына арнады

Үнді елінен келген студент шығармасын Президент Жолдауына арнады

Рассказать Вконтакте

Президент Жолдауын насихаттауға бағытталған байқауда үндістандық студент жүлделі орын алды. Бүгін Ақтөбе қаласы әкімдігінде ҚР Президентінің халыққа арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын насихаттауға бағытталған байқаудың жеңімпаздары марапатталды.

Үнді елінен келген студент шығармасын Президент Жолдауына арнады

Фото: Акимат г.Актобе

Байқауға жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушылары қатысқан болатын.

«Әлем үшін білім кеңістігінің жаһандануы маңызды үдеріс. Мен өз жұмысыма Қазақстан Президенті Жолдауының білімге бағытталған тұсын арқау еттім. Шығармамды жазып шығу үшін интернет материалдарын көп оқыдым. Жолдаудың мазмұнына қатысты менің ғылыми жетекшім түсіндірді. Жүлделі орын алатыныма үмітті болғаным рас. Мен қазір өзім білім алып жатқан Қазақ еліне шексіз разымын», — деді М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті Джай Кумар Гархвал.
Үнді елінен келген студент шығармасын Президент Жолдауына арнады

Фото: Акимат г.Актобе

Ол университеттің жалпы медицина саласы бойынша 3-ші курсында оқып жатыр. Осы байқауда оның шығармасы үздік жұмыстар қатарынан көрініп, жүлделі екінші орын алды.

Жалпы байқауға 12 -сі ЖОО-дан, 22 –сі колледждерден, барлығы 34 жұмыс түсті. Байқаудың Ережесіне сәйкес жоғары оқу орындары студенттерінің және арнаулы орта оқу орындары оқушыларының жұмыстары құрамына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар қауымы мен БАҚ өкілдерімен бөлек бағаланды.

1 орынды С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің студенті Жұлдыз Ақылжанова, 2 орынды М.Оспанов атындағы БҚМУ студенті Джай Кумар Гархвал, 3 орынды Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Виктория Мохиборода алды.

Үнді елінен келген студент шығармасын Президент Жолдауына арнады

Фото: Акимат г.Актобе

Ал колледж оқушылары арасында 1 орынға Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің оқушысы Аружан Шүкірованың жұмысы, 2 орынға Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінің оқушысы Евгений Третьяк, 3 орынға Ақтөбе байланыс және электротехника колледжінің оқушысы Мейрамбек Сейілханның шығармасы лайық болды. Барлық жүлдегерлер қала әкімінің Алғыс хатымен және планшет, смартфон сияқты бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel