RU

"Ұрысып қалдық": Айқын мен Жұлдыздың суреті елді алаңдатып қойды (фото)

Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің желіде тарап кеткен суреті көпшілікті алаңдатты. Желідегілер қос әншіні өзара ұрысып қалды деп болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aikyn. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Елдің қызу талқысына түскен фотода Айқын мен Жұлдыз бір-бірінен алшақ тұрып алған. Қос ғашықтың түрінен олардың көңіл-күйі жоқ екенін аңғаруға болады.

Тіпті, ерлі-зайыптылар бір-біріне аса ашулы күйде тұрғандай кейіп танытқан. Оған қоса, суреттен жұбайлардың ортасына Төреғали Төреәлі мен Әбдіжаппар Әлқожа отырып алғанын көруге болады.

Аталмыш суретті Instagram желісінде Айқынның өзі жариялаған. Ол әйелі екеуі үшін уайымға салынған жұртшылыққа жарымен "ұрысып қалғанын" айтып, елді одан бетер алаңдатты.

"Төреш пен Әбдіжаппар арқылы сөйлесіп тұрмыз. Ұрысысып қалдық. Съёмка ғой. Жаңа жылдық" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Айқынның қалжыңдағанына қарамастан, жұлдызды жұп үшін уайымдап жатқанын жеткізді.

"Кешіре сал бір жолға" , "Сізді қайдам, Жұлдыздың ашуы ұрып тұр" , "Кешегі төрт қызбен түскен суретің үшін бе" , "Бір күндік ұрыстың, қырық күндік кесірі бар" , "Өмір қысқа ұрыспен өткізбейік" , "Тату болыңыздар" , - деп жазуда көпшілік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831197-rysyp-kaldyk-ajkyn-men-zldyzdy-sureti-eldi-aladatyp-kojdy-foto.html