RU
Әйгілі Виктория сарқырамасы құрғап қалды (фото)

Әйгілі Виктория сарқырамасы құрғап қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Африканың Замбези өзенінде орналасқан әйгілі Виктория сарқырамасы рекордтық деңгейге дейін құрғап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы RTVI-ге сілтеме жасап.

Виктория сарқырамасы. Құрғақшылыққа дейін және кейін. Фото: pixabay.com / Twitter/ EdgarCLungu

Виктория сарқырамасы. Құрғақшылыққа дейін және кейін. Фото: pixabay.com / Twitter/ EdgarCLungu

Құрғақшылықтың салдарынан Замбия мен Зимбабвеге миллиондаған туристерді келтіретін сарқыраманың ағысы азайып кеткен.

Әдетте құрғақшылық кезінде Виктория сарқырамасында су аз болады. Алайда бұл жылы судың деңгейі рекордтық деңгейге дейін төмендеп кеткен.

Африканың оңтүстік-шығыс бөлігінде орын алған құрғақшылық зардабын 45 млн адам тартуда. Олардың егістік алқаптары су болмағандықтан мүлдем өнім бермеген. Енді қарапайым халық үшін азық-түлік қажеттілігі туындап отыр.

Сондай-ақ, Зимбабве мен Замбияда электр энергиясының өшіп қалғаны да байқалады. Өйткені елдің басым бөлігі электр қуатын Замбези өзенінде орналасқан Карибтан алады.

Сарапшылар климаттың өзгеруі Виктория сарқырамасын мүлдем жойып жібереді ме деп алаңдайды.

Алайда The Guardian басылымы климаттың әртүрлі маусымдық өзгерістері болатынын, құрғақшылық кезеңдер әрқашан болғанын еске түсіретін басқа да ғалымдардың пікірлерін жазды. Мамандардың пікірінше, егер мұндай құрғақшылық жиілей берсе, сол кезде ғана климаттың өзгеруі туралы айтуға болады.

Айта кетсек, Виктория сарқырамасы- әлемдегі ең танымал сарқырамалар қатарында.

Оның биіктігі 100 метрден, ал ұзындығы бір шақырымнан асады. Виктория - ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары қатарына енгізілген.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel