RU

Бірнеше ай бұрын ұзатылған белгілі журналистің үйлену тойы қалай өтті (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әнші Мадина Сәдуақасованың менеджері болған белігіл журналист таяуда тұрмысқа шыққан еді. Шоу-бизнес саласында еңбектеніп жүрген арудың үйлену тойы қалай өткенін KAZ.NUR.KZ материалынан көре аласыздар.

Фото: Instagram/marzhansadu. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/marzhansadu. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Белгілі болғандай Маржан Сәдуақасованың таңдауы Нұрлан есімді азаматқа түскен. Қос ғашықтың дүбірлі тойы сегізінші желтоқсан күні күйеу жігіттің туған жері Қарағанды қаласында өткен.

Бірнеше жыл бойы Мадина Сәдуақасованың пиар-менеджері қызметін атқарған арудың қуанышына Ерболат Төлеген, Сәкен Майғазиев, Раушан Әріп, Айдын Жұмахан және т.б отандық жұлдыздар ортақтасқан.

Алайда, Маржанның үйлену тойынан жарияланған суреттер мен видео жазбаларда Мадина Сәдуақасова көрінбеді. Өнер иесі менеджерінің тойына бар алмаған көрінеді. Ол Маржанды өзінің Instagram парақшасында құттықтаған.

"Менің жақындарым, жандарым Нұрлан мен Маржан кеше шаңырақ көтерді! Бақытты, үбірлі шүбірлі жанұя болыңдар! Бар армандарыңызға, бірге қол ұстасып жетіңдер" , - деп жазды әнші.

Қалыңдық үйлену тойындағы суреттерімен Instagram желісінде белсенді түрде бөлісуде.

Айта кетейік, бұған дейін Маржан Сәдуақасованың ұзатылғанын хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бірнеше ай бұрын ұзатылған белгілі журналистің үйлену тойы қалай өтті (фото, видео)
Mailfire view pixel