RU

Жол бойында мүгедек азаматтың арбасын итерген ит елдің жүрегін елжіретті (видео)

Әлеуметтік желіде жол бойында мүгедек азаматтың арбасын итерген иттің видеосы тарады. Көпшілік адамның досы саналатын үй жануарының бұл әрекетіне сүйсінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Facebook

Бейнежазба @taraz_life парақшасында пайда болды. Онда жол жиегінде кетіп бара жатқан мүгедек азаматты артынан иті басымен итеріп келе жатқанын аңғаруға болады.

Видеоның қайда түсірілгені әзірге белгісіз. Дегенмен, видеода жан тебірентерлік оқиғаның Тараз қаласында болғаны айтылады.

"Міне, Таразда. Иесі мүгедек. Қасқыр ит (овчарка) артынан басымен итеріп бара жатыр", - дейді бейнежазбадағы азамат.

Бұл видеоны көрген көпшілік иттің әрекетіне қатты тамсанып, оң пікірлер жазып қалдырды.

"Ит-адамның досы", "Ит істегенді адам да істемейді", "Жантебірентеді", "Міне, нағыз махаббат пен сенім", "Иттің ақылдысын-ай", "Бұл ит пен иесін бұрындары да көрсеткен еді. Әлі де бірге екен", "Ол ешқашан сатпайды және тастамайды" деп жазды олар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін желіде калифорниялық Менифи қаласының аспанында қалықтап, жымыңдап тұрған оттар бейнеленген видео пайда болған еді. Оны түсіріп алған куәгер мұның ұшып жүрген беймәлім нысан болуы мүмкін екенін алға тартты.

Видео авторы өзінен бөлек кем дегенде 100 адамның аспанда қалықтаған шамдарды көргенін айтты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831232-zol-bojynda-mgedek-azamatty-arbasyn-itergen-it-eldi-zregin-elziretti-video.html