Выйти
RU

"Алланың сыйы": Жақында қызды болған Жазира Байырбекованың әпкесі ел сөзіне жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада жұлдыздары Жазира мен Жанболат тұп-тұра 22 жылдан кейін қызды болды. Дегенмен, олар сәби қырқынан шыққанша, жағымды жаңалықпен бөліскен жоқ. Жұлдызды жанұя кесте тігер жайлы жаңа жылдан кейін айтуға ниетті екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Фото: Видеодан кадр/ Youtube

Ал Жазираның әпкесі Ләззат Байырбекова сіңлісінің қатты қуанып жүргенін айтады.

"Айта берсек, өзгеріс өте көп. Жазира "Баласы бар адамдарды көрсем, бақытты болып тұрған шығар" деген ой келе береді" дейді. Өзінің бақытты болып жүргенін сол арқылы біліп отырмыз", - дейді Ләззат Байырбекова.

Дегенмен, ел құлағы елу. Жұрт арасында тараған алып-қашпа әңгімелер әншілер әулетіне де жетсе керек. "Баланы асырап алды", "Өзі босанбады" деген елге Ләззаттың өз айтары бар.

"Оларға Алла Тағала қызды болу бақытын бұйырды. Ол маңызды емес. Қалай болса да, Алланың берген сыйы. Өзі босанды ма, ол жағын өздері айтпаса, мен айтпаймын", - дейді Жазираның әпкесі.

Ләззат Байырбекованың сөзінше, сәбидің есімін жанұя мүшелері ақылдаса келе Дара деп қойған.

"Дара" деген есімнің анықтамасын естіп қалдым. Бірақ, не мағына беретінін Қазбек біледі", - дейді әнші.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алланың сыйы": Жақында қызды болған Жазира Байырбекованың әпкесі ел сөзіне жауап берді