RU

«Қазақстанның Еңбек Ері»: Тоқаев Роза Рымбаеваға арнайы атақ берді

Telegram logo VKontakte logo

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлығына қол қойды. Қаулыға сәйкес, Халық әртісі Роза Рымбаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, Алтын жұлдыз бен «Отан» орденімен марапатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстанның Еңбек Ері»: Президент Рымбаеваға арнайы атақ пен екі орден берді

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: elgezit.kg: Facebook

Ресми құжатты ҚР Президентінің баспасөз қызметі жариялады.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Рымбаева Роза Қуанышқызы - «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК әртісі, Алматы қаласы.

2. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Макишев Тұрсынбек Шамбулұлы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы, Қарағанды облысының Жезқазған қаласы.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Ақорда жариялаған мәтінде.

Роза Қуанышқызы Рымбаева 1957 жылы 28 қазанда Семей облысы Жаңғызтөбе ауданында дүниеге келген.

Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтын (қазір Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы - ред.) музыкалық комедия актері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Роза Рымбаева 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 29 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1977-1979 жылдары «Песня года» фистивалінің финалдарында және КСРО-ның ең үздік ондығы«Звуковая дорожка» хит-парадында (1978 ж. 3-орында Алла Пугачева және София Ротарудан кейін) жоғары орыннан көрініп, үлкен танымалдылыққа ие болды.

1976-1979 жж. Республикалық "Гүлдер" жастар – эстрадалық ансамблінің солисі болып, 1977 жылы «Алтын Орфейді» жеңіп алды.

1979 жылы - «Қазақконцерт» бірлестігі жанындағы «Арай» эстрадалық ансамблінің солисі атанды.

Әншінің халықаралық танымалдылыққа ие болуы С. Бәйтерековтың «Әлия» әнін орындауынан басталды. 1979 жылы Роза Рымбаева Ыстамбұлда өткен халықаралық әншілер байқауында лауреат атанды, 1983 жылы Кубада өткен «Гала – 83» халықаралық байқауда бас жүлдені жеңіп алды.

Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің «Гүлдене бер, туған жер», Н. Тілендиевтің «Куә бол», Б. Байқадамовтың «Айгөлек», Ж. Тұяқбаевтың «Атамекен», Т. Сарыбаевтың «Отандастар» әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. «Бір бала», «Сәулем-ай», «Кебек», «Назқоңыр», «Әгугай» және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Роза Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
«Қазақстанның Еңбек Ері»: Тоқаев Роза Рымбаеваға арнайы атақ берді