RU

Жаркенттің екі тұрғыны "Қазпошта" бөлімшесінен 300 млн теңге ұрлаған

Осы жылы ақпан айының соңында Алматы облысы, Жаркент қаласында екі ер адам "Қазпошта" бөлімшесін тонап, 300 миллион теңгені қолды қылған еді. Қарақшылардың бірі түрмеде болса да БАҚ арқылы көптен көмек сұрайды. Айтуынша, оның мойнына тағы 28 млн теңгені іліп қоймақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Время" қоғамдық-саяси газетіне сілтеме жасап.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: Facebook

Басылымның жазуынша, "Қазпошта" бөлімшесіне қарақшылық шабуылды екі ер адам жасаған. Олардың бірі тергеу басталғанға дейін өз-өзіне қол жұмсады.

Екінші тонаушы Тәліпжан Сулайманов қарақшылық және қаруды заңсыз сақтағаны үшін жазда он жылға сотталған.

Ұрылар екі банкке тиесілі болған 300 миллион теңгені бөлімшеден алып кеткені хабарланды.

Ер адам полиция қызметкерлеріне өзі берілген, сондай-ақ сыбайласымен бірге бөлісіп алған екі миллион теңгеден басқа ұрланған ақшаның бәрін қайтарып берген.

Алайда, басылымның жазуынша, сотталушы БАҚ өкілдерінен көмек сұрап отыр. Сотталушының сөзінше, қамауға алынғаннан кейін жоғалғаны анықталған тағы 30 миллион теңгенің есебін Сулаймановтан сұрамақ екен.

"Қазпоштаны" қалай тонаған?

Сотталған Сулайманов осы бөлімде бір жарым жыл күзетші болып жұмыс істегені, сондықтан ғимараттың жоспарын зерттеп, барлық кілттердің көшірмелерін жасауға қол жеткізгені белгілі болды.

Содан кейін ол еш жерде жұмыс жасамайтын және ақшаға мұқтаж адамды өзіне серіктес еткен. Осыдан соң олар тонау күнін 23 ақпан деп белгілеген. Басылымның жазуынша, сол күні Жаркентте ер адамдарды мерекемен құттықтап жатқандықтан, көшеде адам айтарлықтай көп болмаған.

Беттеріне бетперде киген тонаушылар бірден іске кіріседі. Оларға кедергі жасаған жалғыз адам - бөлімшедегі күзетші болған. Оны қылмыскерлер ұрып, байлап тастаған. Содан кейін сақтау орнынан үш инкассаторлық қапты шығарып алған. Кейінірек анықталғандай, оның ішінде 300 миллион теңге болған.

Басылымның мәліметінше, екі миллионды өзара бөліскен тонаушылар қалған соманы сотталушының үйіне көміп тастаған.

Полицейлер Сулаймановты қару сақтағаны үшін тексере бастаған соң сыбайласы өз-өзіне қол салған. Құқық қорғушылар оның үйінен екі миллион теңге тапқан, ал қалған 297 миллион теңгені қылмыскер қайтарып берген.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі: Facebook

Тағы 28 миллион теңге қайдан шықты?

Басылымның жазуынша, соттың істі қарауы кезінде зардап шегуші тарап, яғни "Қазпошта" қарақшылар барлық қаражатты бермеді деп мәлімдеген. Айтуларынша, тағы 28 миллион теңге жетпейді екен.

Алайда сот өтінішті кері қайтарып, істі қарауды жалғастырған. Нәтижесінде Сулаймановқа қатысты үкім күшіне енген. Ал "Қазпошта" өкілдері осы миллиондар үшін қайтадан шағым түсірген.

Сотталушының адвокатының айтуынша, ұрланған соманың барлығы ақша есептелген жерге жеткен-жетпегені белгісіз.

Ұрланған ақшалар Сулаймановтың үйінің ауласынан табылып, алайда оны санау басқа жерде жүргізілгендіктен мәселе туындап отыр.

Осы ретте бәрін жазып алуы тиіс түсірілім Сулаймановтың үйінде үзіліп қалған. Келесі кадрлар ақшаны саналған акт залында жүргізілген.

Адвокаттың айтуынша, ең маңызды бөлігі - ақшаны бір жерден екінші жерге ауыстырған сәт видокамераға жазылмаған, бұл ереже бұзушылыққа жатады.

Басылымның жазуынша, сот аталған жазбаларға сараптама тағайындаған.

Қорғаушының пікірінше, егер табылмай отырған соманы да сотталушының мойнына ілсе, онда ол ешқашан мерзімінен бұрын босап шыға алмайды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831529-zarkentti-eki-trgyny-kazposta-blimsesinen-300-mln-tege-rlagan.html