RU

Қазақстанда жаңадан салынған тұрғын үйлердегі пәтердің бағасы қанша

Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы тез дамып келеді. Егер бұрындары екінші дәрежелі тұрғын үйлерге сұраныс жоғары болса, қазір алдыңғы қатарға жаңадан салынған баспаналар шыққан. Бұл отандық құрылыс компанияларының жаңа тұрғын үй сатып алушыларға жасаған жеңілдіктері мен мүмкіндіктерінің арқасында жүзеге асып отыр. Төменде жылжымайтын мүліктің бастапқы нарығы соңғы жылдары қалай өзгергенін және Қазақстан бойынша жаңадан салынған тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасы қанша екенін қарастырамыз.

Фото: korter.kz
Фото: korter.kz: Facebook

Біздің елімізде тұрғын-үйлер қаншалықты көп салынады?

Korter.kz жаңадан салынған тұрғын үйлер каталогының деректеріне сай, 2015 жылы Қазақстанда бар-жоғы 88 тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 148-ге, 2017 жылы 187-ге, сондай-ақ 2018 жылы қолданысқа берілген тұрғын үйлер саны 226-ға жеткен. 2019 жылғы болжамдарға сай, бұл сандар әлі де өсуі мүмкін. Әзірге 100 тұрғын үй қолданысқа берілген, тағы 181 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

Фото: korter.kz
Фото: korter.kz: Facebook

Елімізде жаңадан салынған тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасы қанша?

Алматы бірнеше уақыттан бері елдегі жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы жағынан көш бастап тұр. Мұнда шаршы метр - 441 966,9 теңге тұрады. Ал елордада 2019 жылдың 1-қыркүйегіндегі есеп бойынша, сәл арзанырақ, шаршы метрі - 332 393,6 теңге.

Қазақстанның әртүрлі қалаларында шаршы метрдің бағасы төмендегідей болды:

441 966,9 ₸ / шаршы метр - Алматы

332 393,6 ₸ / шаршы метр - Нұр-Сұлтан

280 166,7 ₸ / шаршы метр - Шымкент

251 136,7 ₸ / шаршы метр - Қарағанды

241 625,0 ₸ / шаршы метр - Атырау

224 000,0 ₸ / шаршы метр - Көкшетау

190 000,0 ₸ / шаршы метр - Петропавл

189 000,0 ₸ / шаршы метр - Орал

185 000,0 ₸ / шаршы метр - Қызылорда

180 469,1 ₸ / шаршы метр - Ақтау

179 800,0 ₸ / шаршы метр - Өскемен

163 444,9 ₸ / шаршы метр - Қостанай

160 000,0 ₸ / шаршы метр - Павлодар

149 272,7 ₸ / шаршы метр - Ақтөбе

147 000,0 ₸ / шаршы метр - Семей

120 000,0 ₸ / шаршы метр - Тараз

Фото: korter.kz
Фото: korter.kz: Facebook

Егер жаңа ғимараттардың ең төменгі бағасын қарастыратын болсақ, онда елордада шаршы метрі 180-200 мың теңгеден басталады. Ақмола облысы, Қосшы ауылынан сәл арзанырақ, 170 мыңға пәтер алуға болады. Алматыда ең төменгі баға шаршысына 215-230 мың теңгеден басталады.

Фото: korter.kz
Фото: korter.kz: Twitter

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа үйлердегі ең арзан пәтерлердің ауданы 18 шаршы метрді құрайтын шағын студия үшін 3,8 миллион теңгеден басталады. 500 шаршы метрден асатын элиталы 5 бөлмелі пәтерлердің бағасы 1 миллиард теңгеге жетуі мүмкін. Өңірлерде пәтер бағасы біршама төмен.

Фото: korter.kz
Фото: korter.kz: Twitter

Өз арманыңыздағы үйді табу оңай емес. Жаңа тұрғын үйлер санының артуына байланысты таңдау жасауда қиынға түспек. Жыл сайын тұрғын үй кешендері көбейп жатыр, олардың әрқайсысы бізге кез-келген талғамға сәйкес пәтер ұсынады. Сіз бен бізге тек таңдау ғана қалады.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831541-kazakstanda-zaadan-salyngan-trgyn-jlerdegi-pterdi-bagasy-kansa.html