RU

Алматыға күн сайын 200 мыңнан аса көлік сырттан кіретін болып шықты

Kazakhstan Urban Conference жиынында оңтүстік астанаға көрші аймақтар мен Алматы облысынан неше көлік кіретіндігі, сондай-ақ, олардың мегаполиске қандай себеппен келетіндігі айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Күн сайын қалаға 200 мыңнан астам көлік кіреді. Қарбалас сәтінде олар жолдардағы көлік қозғалысын қиындатады. Бұл жағдай қоршаған ортаға да теріс әсерін тигізеді.
Қалаға іргелес 5 ауданда 230 мың көлік тіркеуге алынған. Облыстан келетін көліктің шамамен 30-40% -ы еліміздің басқа аймақтарынан транзит болуы мүмкін. Облыс және қала әкімдіктері Алтын Орда, Талғар және басқа бағыттар бойынша көлік бағыттарын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде", - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов.

Ол бұндай үлкен ағындар Алматыда қандай себептермен байқалатынын жеткізді.

"Талдау жүргізілді, оның қорытындысына келетін болсақ, 16-20%-ы оқу үшін Алматыға баратыны анықталды. Медициналық қызметтер үшін 30-40%-ы мегаполиске қатынайды. Дегенмен біз Алматы маңында нормативтерге сай бұл қызметтермен қамтамассыз еткенбіз.
Олар қалаға сол жерлерде бірдеңе жоқ болғандықтан емес аса білікті қызметтер үшін келеді. Транспорттық ағымды шектемеген жөн. Оның орнына тұрғындарға қалаға жиі бармайтындай жағдай жасауымыз керек.
Алматы облысында шекаралас аудан тұрғындары үшін сапалы жағдайлар жасау жұмыстары жүргізілуде. Алматы шекарасында көпсалалы ауруханалар салу мәселесі қарастырылуда", - деді Жеңіс Тұяқов.

Облыс әкімінің орынбасары ірі университеттерінің жатақханаларын қала маңына көшірлуі мүмкін екенін, ал Іле ауданында Алматыға жақын аудандарда жұмыс орындарының санын көбейту мақсатында үлкен индустриалды аймақ құрылғанын алға тартты.

Кейінірек Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала әкімдігі көптеген алматылықтарды жоғары жалақы төленетін жұмыстармен қамтамасыз етуге, соның ішінде кәсіпкерлерге жұмыс орындарын құруға көмектесу үшін бар күшін салатынын айтты.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831617-almatyga-kn-sajyn-200-mynan-asa-klik-syrttan-kiretin-bolyp-sykty.html