RU
"Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік": Шымкентте салтанатты жиын өтті

"Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік": Шымкентте салтанатты жиын өтті

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» меркесіне орай, қала әкімінің қатысуымен Түркістан сарайында салтанатты жиын өтти.

Шымкент қаласында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» меркесіне орай, қала әкімінің қатысуымен Түркістан

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

"Ел бақытын тербеткен - Тəуелсіздік" мерекелік жиынды Шымкент қаласының əкімі Ерлан Айтаханов ашып, құттықтау сөз сөйледі.

"Тəуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Біз бабалар аңсаған бейбіт және тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ынтымақты – ұран, татулықты – ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Аталған жетістіктерге Шымкент қаласының да қосқан үлесі зор. 1993 жылы республика бойынша Шымкенттің жалпы өңірлік өнімі – 29 млрд 423 млн теңге болса, Тəуелсіздіктің 25 жылында бұл көрсеткіш 2 трлн 174 млрд теңгеге өсіп отыр. Қаланың өнеркəсіп орындары 4,9 млрд теңгенің өнімін өндірсе, бүгінде бұл саладағы жетістік 95 есе өсіп, 458 млрд теңгеден асты. 1991 жылдан бері қаламызда 5,2 млн шаршы метр жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Осы аталғанның бәрі – Тәуелсіздіктің сыйы. Алдымызда жауапты кезең күтіп тұр. Бір шаңырақтың астында тұрып жатқан барша халқымыздың достығы берік, бірлік мәңгі жасай берсін. Әрбір отбасыға бақыт, отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолында табыс тілеймін", – деді Erlan Aitakhanov.
Шымкент қаласында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» меркесіне орай, қала әкімінің қатысуымен Түркістан

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент қаласында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» меркесіне орай, қала әкімінің қатысуымен Түркістан

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Халқымызға жылдар бойы арман болған айтулы мерекеге орай, ҚР Президентінің №207 Жарлығымен бірқатар азаматтарға орден, медальдар табысталды. "Айғақ" телерадиокомпаниясы" ЖШС бас директоры – Дулат Әбіш "Парасат" орденімен, ал ардагер журналист Байдулла Қонысбек, академик М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ президенті Гүлшара Сапарбаева "Құрмет" орденін алды. Түрлі салада үздік қызмет етіп жүрген Шымкент қаласының белгілі де белсенді тұрғындары қала дамуына қосқан үлесі ерекше құрметке ие болды.

Шымкент қаласында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» меркесіне орай, қала әкімінің қатысуымен Түркістан

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымының» өнерпаздары әннен шашу шашып, салтанатты жиын көңілді ән мен жырға ұласты.

Шымкент қаласында «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» меркесіне орай, қала әкімінің қатысуымен Түркістан

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel