RU

Ресейде тыйым салынған снюстер Қазақстанда еркін сатылымда

Ресейде тыйым салынған снюстер – темекі өнімдері Қазақстанда еркін сатылымда. Полиция бұл өнімдердің құрамында тек никотин ғана емес, сондай-ақ зиянды химикаттар барын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Қазіргі уақытта Есірткімен күрес басқармасы мектептерде профилактика мақсатында дәріс оқып жүр. Нақтырақ айтқанда, тәртіп сақшылары оқушыларға жоғарыда аталған снюстерді тұтынудың салдарын жеткізуде.

Құқық қорғау органының мәліметінше, көршілес елде бұл өнімнен улану фактілері тіркелген. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Алмағамбетов снюстердің құрамында зиянды химикаттар, соның ішінде физикалық, мінез-құлықтық және әлеуметтік тәуелділік тударатын никотин нейротоксині бар екенін атап өтті.

Тауарды өндірушілер оның толық құрамын әдеттегідей көрсетпейді. Балалар мен жасөспірімдердің ағзалары үшін бұл заттар аса қауіпті.

Ерлан Алмағамбетов зиянды заттардың шырышты қабық арқылы ағзаға түсіп, органдарды зақымдап, потология тудыратынын жеткізді. Айтуынша, снюстер темекіге тәуелді адамдарға арналған.

Аталған өнімдерді Қазақстанның супермаркет, базар және басқа да сауда нүктелерінен табуға болады.

Ал көршілес Ресей мемлекетінде снюстер 2015 жылдан бері заңмен тыйым салынған.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1831805-resejde-tyjym-salyngan-snuster-kazakstanda-erkin-satylymda.html