RU

СІМ Мысырдағы Қазақстан елшілігі қызметкерінің өліміне қатысты пікір білдірді

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Мысырдағы ҚР елшілігі қызметкері Еламан Жолдасовтың өлімі туралы ақпаратты растады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ дипломатиялық ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: kazakh.kazakhman/facebook.com

Фото: kazakh.kazakhman/facebook.com: UGC

"ҚР СІМ Мысырдағы ҚР Елшілігі қызметкері Е. Жолдасовтың өлімі туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта аталған елдің прокуратурасы тиісті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты, тергеу нәтижелері бойынша ресми нұсқа шыққанға дейін осы жағдайға қатысты әр түрлі түсіндірулер мен негізсіз нұсқалардан аулақ болуды сұраймыз. СІМ өкілдері тергеу жұмысына қатысу үшін Мысырға аттанды",- деп хабарлады ведомствода.

Министрлік мәліметінше, егжей-тегжейлі ақпарат 18 желтоқсан күні ҚР СІМ ресми өкілінің брифингінде ұсынылады.

"Министрлік Е. Жолдасовтың жақындары мен туыстарына шын жүректен қайғырып, көңіл айтады және дипломаттың жанұясына барлық тиісті көмекті көрсетеді",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін БАҚ беттерінде Мысырдағы Қазақстан елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың жұмбақ жағдайда қаза тапқаны туралы ақпарат тараған еді. Дипломаттың әпкесінің айтуынша, марқұмның денесі үй подъезі маңынан табылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
СІМ Мысырдағы Қазақстан елшілігі қызметкерінің өліміне қатысты пікір білдірді