RU
Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деп күдіктелуде

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы пара алды деп күдіктелуде

Рассказать Вконтакте

Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісі пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

"Олар алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиындарын өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім шартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
17 желтоқсанда аталған тұлғалар ұсталып, Алматы қаласы ІІД УҰИ-ына қамалған. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді алдағы уақытта сот шығармақ.

Айта кетсек, бұған дейін Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының пара алу фактісіне тосқауыл болғаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel