RU
Депутаттар Семей қаласына жаңа мәртебе беруді ұсынды

Депутаттар Семей қаласына жаңа мәртебе беруді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Парламент мәжілісінің депутаты Азат Перуашев палатаның пленарлық отырысында Семей қаласына жаңа мәртебе беруді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: el.kz

Фото: el.kz

Оның айтуынша айрықша мәртебе қазіргі Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент сынды халқы миллион адамнан асатын қалаларға берілген.

Айрықша мәртебе сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларға да беріледі екен.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың айтуынша, мұндай мәртебеге Семей қаласы да лайық екен. Сол себепті ол шаһарға айрықша мәртебе беру жайлы ұсыныс айтты.

Халық қалаулысы сондай-ақ қалаға айрықша мәртебе атағын беру - қаланы дамытуға қажет бюджет көлемін арттыруға да жол ашады екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін республикалық маңызы бар қала мәртебесі Шымкент қаласына берілген болатын.

Кейін Оңтүстік Қазақстан облысы - Түркістан облысы болып өзгертіліп, аймақтың орталығы – Түркістан қаласы болып бекітілген еді.

Айта кетейік, жақында ғана Семей әуежайына қазақ халқының ұлы ақыны әрі кемеңгері Абай Құнанбайұлының есімі берілетіні айтылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel