RU
5 литрлік құтыға 700 мың теңге жинаған отбасы банк қызметкерлерін таңғалдырды (фото)

5 литрлік құтыға 700 мың теңге жинаған отбасы банк қызметкерлерін таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды қаласының тұрғыны балаларының депозитіне 700 мың теңге қаражат салып, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" қызметкерлерін таң қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Отырар арнасына сілтеме жасап.

5 литрлік құтыға 700 мың теңге жинаған тұрғын банк қызметкерлерін таңғалдырды (фото)

5 литрлік құтыға 700 мың теңге жинаған тұрғын банк қызметкерлерін таңғалдырды (фото)

Банк қызметкерлерінің назарын аударған жиналған ақша мөлшері емес, оның номиналы екен. Өйткені, клиент 100, 50 және 20 теңгелік монеталардан тұратын жинақ ақшасын екі бес литрлік бөтелке мен пакеттерге салып, алып келген.

Тұрғын өзі жайлы мәліметтердің жасырын қалуын қалағанымен, қаражат жинауды осыдан 7 жыл бұрын бастағанын айтқан.

Ол жинақ сандықшаны сатып алып, оны толтырғаннан кейін, жұбайының туған күніне сыйлық ретінде сыйлаған.

Соңғы екі жылда жұбайы сыйға алған қаражатты жұмсамай, оны керісінше Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде екі ұлының атына ашқан депозиттерге салып отыруды шешкен.

Ең қызығы монеталарды банкке әкелмес бұрын, отбасы мүшелері жинаған тиындарын төрт сағат бойы санаған.

Ал банк қызметкерлері үшін бұл процесс әлдеқайда жылдам болған, өйткені олар металл ақшаны санайтын арнайы машинаны пайдаланған.

Фото: otyrar.kz

Фото: otyrar.kz

Сіздің реакцияңыз
4
2
1
1
5
54
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel