Выйти
RU

Жол апатына түскен әнші Айбек Серікхановтың қазіргі жағдайы белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен демалыста жантүршігерлік жол апатына түскен жас әнші Айбек Серікханов бүгінде ауруханада ем алып жатыр. Өнерге енді қадам басып келе жатқан өнерпаз бен оның қарындасы жол-көлік оқиғасынан аса ауыр жарақат алған. Зардап шеккен өнер иесі қазіргі жағдайымен бөлісіп, бүгінде қандай халде жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Айбек Серікхановтың көлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен бұрынғы полицейдің көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жігіттің айтуынша, бұған дейін құқық қорғау органдарында қызмет еткен жүргізуші мас күйде болуы мүмкін.

Үйіне қайтар жолда жол апатына түскен жас өнерпаздың бүгінде қал-жағдайы мәз емес. Серікхановтың миы шайқалып, мұрны сынған. Оған қоса, оқиғадан кейін әншінің сол көзі дұрыс көрмейтін болған.

"Қарындасымның қолы сынған, миы шайқалған. Менің болса сол көзім дұрыс көрмейді. Жол апаты кезінде тіптен мүлдем көрмей қалған. Енді қазір ақырындап, бұлдырлап көреді. Мұрным сынған, бірақ әлі ота жасаған жоқ.
Миым шайқалғандықтан тұруға да, операция жасауға да болмайды. Сосын соқтығыс кезінде рөлге соғылғандықтан кеудемде жарақат бар. Алайда, оны нақты дұрыс көре алмай жатыр" , - деді Айбек Серікханов.

Айта кетейік, бұған дейін жас әнші Айбек Серікханов пен қарындасы жол апатына түскенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жол апатына түскен әнші Айбек Серікхановтың қазіргі жағдайы белгілі болды
Mailfire view pixel