Выйти
RU

Алматы әуежайында Шыңғыс Айтматовтың күйеу баласы ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

19 желтоқсанда Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты, әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қызы Шырын Айтматова Twitter парақшасында күйеуі Сырғақ Кенжебаевтың Алматы әуежайында жоғалып кеткенін хабарлады. Кейінірек Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Кенжебаевтың "аса ірі көлемде алаяқтық жасады" деген күдікпен ұстағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Шырын Айтматова. Фото: Currenttime.tv

Шырын Айтматова. Фото: Currenttime.tv

Қырғызстан МҰҚК-ның мәліметінше, Кенжебаевтың үстінен Қырғызстанға "Қауіпсіз қала" жобасының екінші кезеңіне қатысу үшін келген ірі қытайлық компания өкілі шағым түсірген. Көршілес елдің арнайы қызметі оның уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Күйеуімді МҰҚК қызметкерлері Алматы әуежайында ұстап, Бішкекке жеткізді. Мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламыз. Репрессиялар жалғасуда", – деп жазды Айтматова Twitter парақшасында.

Қырғызстан арнайы қызметінің мәлімдемесі жарияланбай тұрып, Шырын Айтматова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішпен жүгінген болатын.

"Жақында ғана Бішкектегі әкемнің мұражайына барып қайтқан едіңіз. Бүгін Алматы әуежайында күйеуім жоғалып кетті. Милиция да, шекара қызметі де, ешкім жауап бермей жатыр, Көмектесіңіз!", – деп жазды ол Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, 27 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды.

Қазақстан мен Қырғызстан делегацияларының арасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әуежайында Шыңғыс Айтматовтың күйеу баласы ұсталды
Mailfire view pixel