RU
Ешкім көмектеспеген: Маңғыстауда ер адам екі күн бойы тас жолда қалып қойды (фото)

Ешкім көмектеспеген: Маңғыстауда ер адам екі күн бойы тас жолда қалып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстаудағы Шетпе-Сай-Өтес тас жолында "ГАЗель" жүргізушісінің көлігі бұзылған. Екі күн бойы жолда қалған ер адамға көлік жүргізушілерінің ешбірі көмек көрсетпеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы in.Aktau-ға сілтеме жасап.

Фото: Маңғыстау облысы ПД

Фото: Маңғыстау облысы ПД

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ГАЗель" көлігі Шетпе-Сай-Өтес тас жолының 228 шақырымында бұзылған. Алайда жолда қалған жүргізушіге екі күн бойы ешкім көмек көрсетпеген.

"Тәртіп сақшылары жүргізушіге бірден қол ұшын берген. Онымен сөйлесккеннен кейін, оның көлігі бұзылғаны анықталған. Сол кезде патрульдер оның автокөлігін екіншісіне тросстың көмегімен байлап, Ақтауға дейін жетуіне көмектескен.
Барлық жүргізушілерді басқа жол қозғалысына қатысушыларға, соның ішінде жолда қиындыққа тап болған жолаушыларға көмектесуге шақырғымыз келеді. Немқұрайлы болмай, шеткері қалмаңыз", - дейді ведомстводағылар.
Фото: Маңғыстау облысы ПД

Фото: Маңғыстау облысы ПД

Еске сала кетсек, күні кеше Жамбыл обысы Жуалы ауданындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы-Ташкент" жол учаскесінде қар құрсауында қалған 26 автокөлік шығарылып, 140 адам эвакуацияланғаны хабарланды.

Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген.

Сіздің реакцияңыз
7
1
3
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel