RU
"Ақтөбе" жанкүйерлері Самат Смақовты қайтаруды талап етуде

"Ақтөбе" жанкүйерлері Самат Смақовты қайтаруды талап етуде

Рассказать Вконтакте

"Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері Самат Смақовты команданың бас директоры лауазымына қайтаруды сұрап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Ақтөбелік команданың жанкүйерлері #СмақовтыҚайтарыңдар хештегімен флешмоб ұйымдастырды. Олардың Instagram парақшасында жарияланған соңғы жазбаларының бірі бір сағаттың ішінде 1200 ден астам лайк жинады.

Флешмоб басталғаннан бері жанкүйерлердің парақшасында команда ардагерін қайтару өтінішімен 50-ден астам жазба жарияланды.

Аталған флешмобты "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов те қолдап, видеоүндеу жолдады.

"Самат Смақов "Ақтөбе" футбол клубы үшін бәрін берген адам. Кезінде ол шетелдік клубты таңдамай, патриот болғандықтан "Ақтөбеге" келді. Клуб үшін қиын кезеңде қолдау көрсетті. Енді оны сатып кетуге болмайды. Самат кетсе, клубқа деген сенім де кетеді", – дейді әзілкеш.

Бұдан бөлек, "Ақтөбе" командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Смақовтың отставкаға кетуін әділетсіз деп атады.

"Мен онымен бір командада ойнап үлгердім, және ол бас директор болғанда екі жыл өнер көрсеттім. Мен үшін ол жасыл алаңда да, өмірде де үлгі болды. Жеке өз басым оның клуб үшін, қала үшін қалай алаңдайтынын білемін. Және осы екі жыл бойы жасаған қызметі үшін оны алып тастау әділетсіз деп есептеймін", – деді футболшы Vesti.kz-ке берген сұхбатында.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel