Выйти
RU

Қызылордада білім беру нысандарының саны артуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда қаласында ел ертеңіне егелік етіп, болашақтың тізгінін қолға алған жас ұрпақтың сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жыл сайын қала бюджетінің 45-50 пайызы білім саласына бағытталып келеді.

Мәселен, биылдың өзінде қаланың білім саласын қамтамасыз етуге 25 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді.

Нәтижесінде, мемлекеттік цифрландыру бағдарламасымен қала мектептерінің компьютермен жабдықталуы, интернет желісіне қолжетімділігі, электронды күнделік жүйесіне қосылуы, оқулықпен қамтылуы және қаладағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетті.

ввввв

Көрсетілген қолдаулар мен ұстаздарымыздың тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде Қызылорда қаласы түлектерінің жетістіктерін де зор мақтанышпен айтуға болады.

Қызылорда биылғы Ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысы бойынша соңғы екі жыл қатарынан бірінші орында көш бастап келеді. 2018-2019 оқу жылының қорытындысымен 121 оқушы «Алтын белгі», 100-ден аса «Үздік аттестат» иегері атанды. Қала түлектерінің 370-і бүгінде Ресей Федерациясының беделді оқу орындарының студенті.

ввввв

Білім беру нысандарының саны жыл сайын артуда. Биылғы жылы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 320 орындық балабақша өз жұмысын бастаса, «Ақсуат» ауылдық округінде орналасқан 120 орындық балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын шешу мақсатында №198 орта мектебі жанынан 200 орындық және №261 орта мектеп жанынан қосымша 150 орындық ғимараттар салынып, үстіміздегі жылы қазан айында пайдалануға берілсе, желтоқсан айының аяғында Жаппасбай батыр көшесінің бойынан 600 орындық мектеп пайдалануға берілмек.

Қала тұрғындарының сұранысына сәйкес, "Саяхат" мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп, Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп құрылыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынылды.

Айта кету керек, бұған дейін СПМК және Арай-3 мөлтек аудандарынан 600 орындық, Сырдария өзенінің сол жағалауы мен Қызылжарма ауылдық округінен 900 орындық мектеп құрылысын жүргізу мақсатында жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алуға ұсынылды.

ввввв

Биылғы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған тамыз конференциясы қала ұстаздары үшін тосын сыйға толы болды. Себебі, қала әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев тамыз конференциясы аясында 2 мұғалімге "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 3 бөлмелі пәтер кілтін, 10 мұғалімге 150 мың теңгеден сыйақы табыстады.

ввввв

Бұдан бөлек, білім мен тәрбиенің ошағына айналған «Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебі 7 желтоқсанда өзінің ғасыр толған мерейтойын салтанатты түрде атап өтті.

Шарада бірқатар ұстаздар қауымы республикалық, облыстық дәрежедегі жоғарғы марапат төрінен көрінсе, бірнеше ұстаз арнайы Қызылорда қаласы әкімінің атынан Нұр-Сұлтан қаласына демалысқа жолдамаға ие болды.

ввввв

Сонымен қатар, жылдың қорытынды салтанатты шарасында қала әкімінің білім беру саласының қызметкерлеріне арналған «ҮЗДІК МҰҒАЛІМ-2019» номинациясымен 10 ұстазға 150 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордада білім беру нысандарының саны артуда