RU

"Несін сұрайсың?": Сейфуллин Жолбарыстың анасы орыс келіні жайлы бар шындықты айтты

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың анасы орыс келіні Екатерина туралы алғаш рет пікір білдірді. Ұлының екінші әйелін жер-көкке сыйғызбай мақтаған жұлдызды ене жағдайының жақсы болуы бірден-бір келінінің арқасы екенін жасырмай айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сейфуллин Жолбарыстың анасы Аманкүл Қалдарбекқызы ұлының жары көңілінен қалай шығып жатқанын еш бүкпесіз жеткізді. Ол Екатерина өз келіндік қызметін керемет атқарып жүргенін айтты.

"Күйеуіне қарасаң, ойғандай да жойғандай, келініне қарасаң ішпей-жемей тойғандай деген екен. Сол құсап, көрініп тұр ғой келінім ішпе-жемей тойғандай екен. Несін сұрайсың? Менің жақсы болуым кімнен? Өзің-ақ айт келіннен. Үй таза, төсек таза, үстім таза, ауқат таза, қаза талақ таза, бәрі таза не керек" , - деп ағынан жарылды Сейфулин Жолбарыстың анасы орыс келіні туралы.

Айта кетейік, бұған дейін Сейфуллин Жолбарыстың екінші әйелі туралы жазған болатынбыз. Ұлты орыс Екатерина жұлдызды жұбайымен қалай танысқаны жайлы жан сырын ақтарып, оны қандай қасиеті үшін ұнатып қалғанын ашып айтты.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бір бағдарлама аясында танысқан. Қызығы, екеуін де аталмыш жобаға қинап қатыстырған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Несін сұрайсың?": Сейфуллин Жолбарыстың анасы орыс келіні жайлы бар шындықты айтты