Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айару Бақытбектің купальникпен түскен суреті желіде қызу талқыланды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың кіші қызы Айару Бақытбек желіде купальникпен түскен суретін жариялап, көпшілік арасында қызу талқыға түсті. Бар дене сымбатын паш еткен арудың бұл қылығы желідегілер ерсі санап, оны сынға да алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aiaru_bb. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aiaru_bb. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айару суда жүзетін киіммен бассейнде тұрған фотосын Instagram парақшасында жариялаған. Қызу талқыға негіз болған суретке қарап, танымал продюсердің кенжесі қазіргі таңда жылы жақтарда демалып жатса керек екенін айтуға болады.

Желі қолданушылары Айарудың аталмыш фотосына бірден шйүлігіп шыққан. Көпшілік әлі мектеп қабырғасында білім алатын қыздың ашық суретін ел назарына ұсынғанын аса ерсі деп санауда.

"Қызы өсе алмай жүр, шешесі жасара алмай жүр" , "Ерте есейгісі келіп жүрген қыз" , "Мұндай фото салмашы Айару" , "Аса ерсі ғой, неге салдың" , , - деп жазуда көпшілік.

Айарудың купальниктегі суретіне пікір білдірушілер арасында оның дене пішініне тәнті болғандар да бар болып шықты.

"Недеген фигура" , "Суға түскенде барлығыңыз да осылай түсесіздер" , "Купальник кимейтін қыз жоқ. Онда тұрған не бар екен" , "Енді суға қалың киіммен түспейтін шығар" , "Тамаша, түк ерсілік көріп тұрғам жоқ" , "Фигруаң күшті екен" , "Мінсіз мүсінді Айару" , - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін продюсердің үлкен қызы Айсәуле сіңлісімен қандай қарым-қатынаста екенін айтқан болатын.

Оған қоса, Тұрсын Алагөзов жұлдызды жарының екі қызымен қалай тіл табысып жүргенін де айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1833414-ajaru-bakytbekti-kupalnikpen-tsken-sureti-zelide-kyzu-talkylandy-foto/

pixel