RU
Өскемен-Алматы пойызында жолсеріктер әйелді босандырып алды

Өскемен-Алматы пойызында жолсеріктер әйелді босандырып алды

Рассказать Вконтакте

Кеше, 24 желтоқсанда Өскемен-Алматы бағытында қатынайтын № 351 жолаушылар пойызында әйелдің толғағы басталып, жолсеріктер шұғыл түрде келіншекті босандырып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

Kөрнекі фото: NUR.KZ

Kөрнекі фото: NUR.KZ

Пойыз басшысы жақын жердегі Жарма бекетіне рация арқылы жедел медициналық көмекті шақырған.

Дәрігерлер келгенше пойыз бригадасы жұғыл босандыруға барлық жағдайды жасап қойған. Олар жолаушылар арасынан фельдшерді іздеп тапқан. Маман өз кезегінде баланың аман-есен өмірге келуіне көмектескен.

Осылайша өмірге 2,7 келі салмақты ұл нәресте келген. Жаңа туған сәбидің бойы - 46 см. Балаға Матвей есімі берілген.

Жарма бекетіне келген сәтте жас босанған ананы баласымен бірге медициналық бригада алып кеткен.

Пойыз қызметкерлері отағасымен байланысқа шығып, ол екі қызымен бірге отбасының жаңа мүшесін күтіп отырғанын айтқан.

"Виктория мен баламыз екеуінің жағдайы жақсы, бәрінеүлкен рахмет", - деп алғыс айтты разы болған әке.

Еске сала кетсек, осы жылдың 24 қазанында да дәл осындай жағдай болған еді. Ақтөбе-Алматы-1 бағытында қатынйтын жолаушылар пойызында келіншектің толғағы қысып, оған шұғыл түрде медициналық көмек қажет болған.

Пойыз бригадасы жүкті келіншекке көмек көрсету үшін нұсқаулықта жазылған ережелер арқылы тиісті шаралар қолданған. Жақын станцияға жедел жәрдем қызметі шақырылған.

Одан бөлек, пойыз жолаушыларының арасында акушер мен дәрігер бар болып шығыпты. Олар толғағы қысқан келіншекке көмектесуге асыққан.

Көптің көмегі арқылы дүниеге қыз бала келген. Нәресте мен анасы Отар бекетіндегі дәрігерлерге тапсырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel