RU
Қызылордада қала әкімінің қабылдауына келген тұрғын пәтер кілтін алып қайтты

Қызылордада қала әкімінің қабылдауына келген тұрғын пәтер кілтін алып қайтты

Рассказать Вконтакте

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Құқық қорғау қызметтері орталығында» ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын қоғамдық қабылдауын таңғы сағат 08.30-дан бастады. Әр айдың соңғы бейсенбісі күні осы орталықта қала әкімі тұрақты түрде қоғамдық қабылдау ұйымдастырып келеді. Бүгінгі қабылдау 2019 жылға жоспарланған «Құқық қорғау қызметтері орталығында» өткізілетін қорытынды қабылдауы болды.

оооооооо

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Түскі үзіліссіз өткізілген бұл қабылдауға 300-ге жуық қала тұрғындары келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.

Қала әкімі әр тұрғынның мәселелерін жеке тыңдап, әр мәселе бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырма берсе, қабылдауға келген азаматтардың 70 пайыздан астамының мәселелері дер кезінде шешімін тапты.

оооооооо

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Жалпы, қала әкімі Н.Нәлібаев жыл басынан бері 5 мыңға жуық қала тұрғындарын қабылдаған.

Айта кету керек, қала әкімі жыл көлемінде осы орталықта әр айдың соңғы бейсенбісі күні өтетін қоғамдық қабылдаулардан бөлек, апта сайын бекітілген кестеге сәйкес және күнделікті қажеттілігіне қарай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып келеді.

Мұнымен қоса, «Ашық әкімдік» жобасы аясында бірнеше мәрте қалаға қарасты 9 кент, ауылдық округтер мен қаланың басқа да аумақтарында қабылдаулар ұйымдастырды.

оооооооо

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

«Құқық қорғау қызметтері орталығында» ұйымдастырылатын қабылдауға келген азаматтардың арасында алғыс айта келген тұрғындар да жетерлік.

Бірі жеке өтініштерінің қанағаттандырылғанына ризашылығын жеткізсе, енді бірі қала халқына ортақ мәселелердің лайықты шешімін тапқанына алғыстарын білдірді.

Солардың ішінде, Садықов Аманжол есімді қария жетім қалған немерелерінің баспана мәселесін айта келген.

Қала әкімі Н.Нәлібаев мәселені жедел зерттеп, нәтижесінде «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша кезекте тұрған қарияның немересі Садықов Ғафурдың кезегі келгендігі анықталып, бұл отбасына сол жағалаудағы жаңа тұрғын үйден 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

оооооооо

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Сонымен бірге, Тасбөгет кентінің тұрғыны Даңбаева Мәншүк 2006 жылдан бері «Оралман отбасы» ретінде тұрғын үй кезегінде болса, бүгінгі қабылдау барысында бұл азаматшаның да кезегі келуіне байланысты 3 бөлмелі пәтерге ие болды.

оооооооо

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Бұл тұрғындар елдің қажеттілігін қанағаттандыруда Елбасының, Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік қолдауларға және сол игілікті істерді жергілікті жерде лайықты жүзеге асырып отырған ел азаматтарына шынайы ризашылығы мен шексіз алғысын жеткізіп, «қабылдауға келіп пәтерін кілтін алып қайтамыз деп деп ойламадық»,-деп, күтпеген жерден баспана бақытына бөленген қуаныштарын жасырмады.

Жалпы, әкімдік тарапынан қала тұрғындарымен байланысты арттыру және барынша ашықтықты қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қабылданып келеді.

Мысалы, қала әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен кент және ауылдық округтерде арнайы сенім телефондары, қоғамдық кеңес, жеке қабылдау және бұдан бөлек қала әкімдігінің ресми веб-порталы, әлеуметтік желілерде қала әкімінің жеке парақшасы мен ресми парақшалар, «WhatsАpp», «Telegram» мессенджеріндегі «Open Qyzylorda» жобасы сәтті жұмыс жасауда.

Биылдан бастап бірнеше дербес бөлімдер мен қалаға қарасты бірқатар кент, ауылдық округтер «Ашық әкімдік» жобасы аясында «Open Space» форматына көшті.

Яғни, бұл ғимараттағы қабылдау және басшылардың қызмет бөлмелеріндегі жабық қабырғалар алынып, шыны қабырғалар орнатылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel