RU
БАҚ: Роналду қыста "Реалға" оралады

БАҚ: Роналду қыста "Реалға" оралады

Рассказать Вконтакте

Әйгілі Криштиану Роналду мадридтік "Реалға" қайта оралмақ. Бүгінде "Ювентус" ойыншысы болып табылатын жұлдызды аяқдопшының бұрынғы командасына қайтып келуі жөнінде ақпарат бірқатар испаниялық басылымда жарық көрді деп жазады KAZ.NUR.KZ eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Шетелдік БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, мадридтік клуб президенті Флорентино Перес португалиялық жұлдызды "Реалға" оралуға көндірген. Басылымдағы мәліметке сенсек, Криштиану бұрынғы командасына, тіпті, қыста қайтып келуге әзір.

Бұл дегеніміз жақын арада "Сантьяго Бернабеу" стадионында Роналдуды қайтадан "Реал" сапында көру мүмкіндігі туатынын білдіреді.

Әзірге "Реал Мадрид" өкілдері де, футболшының өзі де бұл ақпаратқа сәйкес мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Криштиану Роналдудың екі аяғы жоқ қазақ баласымен кездескені туралы хабарлаған болатынбыз. Әйгілі шабуылшы 11 жастағы Әли Тұрғанбекпен көрісіп, онымен футбол ойнаған. Қазақстандық баламен Криштианудың ұлы да танысқан.

Жарымжан отандасымыз португалиялық жұлдызға қазақстандық шоколад сыйласа, Роналду оған қолтаңбасы қойылған допты тарту еткен. Танымал аяқдопшы Әли кездесіп, ерекше шабыт алғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel