RU

Әйгілі екі футболшы ару некеге отырды (фото)

АҚШ-та америкалық әйелдер футбол құрамасының ойыншылары Али Кригер мен Эшлин Харрис Майамиде некелерін қидырды. Салтанатты рәсім 28 желтоқсан күні Вискай Вилласында өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Екі футболшы ару некеге отырды
Фото: instagram.com/alikrieger: UGC

Арулар өміріндегі қуанышты сәтімен Instagram парақшаларындағы оқырмандарымен бөлісті.

Футболшы арулардың екеуі де америкалық "Орландо Прайд" клубының ойыншылары. 34 жастағы Харрис қақпашы, ал оның 35 жастағы сүйіктісі Кригер қорғаушы болып табылады.

"Алтын допқа" ие болған америкалық Меган Рапино Харристің қыз жолдасы болды.

Хабарланғандай, Кригер мен Харрис америкалық құрамада танысып, 2010 жылы қарым-қатынас құрған.

Айта кетейік, өмірге қос аяқсыз келген қазақстандық 11 жастағы Әли Тұрғанбеков әлемдегі үздік футболшының бірі Криштиану Роналдумен кездесіп, бірге доп ойнады. Отандасымыз Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысынан сыйлық алды.

Сонымен қатар, БАҚ-та әйгілі Криштиану Роналду мадридтік "Реалға" қайта оралмақ деген ақпарат пайда болды.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, мадридтік клуб президенті Флорентино Перес португалиялық жұлдызды "Реалға" оралуға көндірген. Басылымдағы мәліметке сенсек, Криштиану бұрынғы командасына, тіпті, қыста қайтып келуге әзір.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы мен немістің "Вольфсбург" клубының бұрынғы қорғаушысы Сергей Каримов 33 жасында қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1834175-jgili-eki-futbolsy-aru-nekege-otyrdy-foto.html