RU
Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды

Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған президент сайтында.

Оған қоса, президент «Қазақстан Республикасының үкіметі мен Кипр Республикасының үкіметі арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Тоқаев жоғарыда айтылған заңдардан бөлек, «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалаушы топтар мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel