RU
Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды

Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін, 5 қаңтар күні Арыстанбек Мұхамедиұлының анасы қайтыс болды деген хабар тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/aidok.kirik / ОКҚ

Фото: facebook.com/aidok.kirik / ОКҚ

Қаралы хабарды Facebook желісінде Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай жеткізген.

Шенеунік өз хабарламасында Арыстанбек Мұхамедиұлына анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан.

"Арыстанбек Мұхамедиұлына анасы Күлімхан апаның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамын! Асыл ананың топырағы торқа, иманы жолдас болсын! Арыстанбек аға, Алланың әміріне шара бар ма, болаттай берік болыңыз!", - деп жазды ол.

Tengrinews.kz хабарлауынша, Күлімхан Жүндібайқызы Төлендиева 80 жаста болған.

Қоштасу рәсімі ертеңге, 6 қаңтарға жоспарланған. Ал жерлеу рәсімі 7 қаңтарда Алматы облысы, Қырғауылды ауылында өтеді.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың шілде айында Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалған. Бұған дейін ол Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарған.

Айта кетсек, бұған дейін белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың анасы Ділдә Матайқызының өмірден озғанын хабарланды. Көпшілікке қаралы хабарды тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы жеткізген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel