Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТОП-10: Қазақстанда 2019 жылы балаға ең көп қойылған есімдер белгілі болды

Опубликовано:

Қазақстанда өткен жылғы ең танымал есімдердің рейтінгі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Pixabay.com
Көрнекі фото: Pixabay.com: Depositphotos

Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы ұлдар арасында ең танымал 10 есім белгілі болған. Олардың ішінде Әлихан көш бастап тұр.

Өткен жылы 3816 сәбиге осы есім қойылған.

Екінші орында –  Айсұлтан (3033), үшінші орында – Нұрислам (2304).

Сондай-ақ, ТОП-10-ға Әмір (2227), Әлинұр (2130), Рамазан (1999), Әли (1915), Ислам (1634), Алдияр (1601) және Санжар (1588) есімдері де енген.

Ал қыздар арасында ең көп қойылған есім – Раяна (5151). Одан кейін – Медина (4924), үштікті Айзере есімі (4110) қорытындылап отыр.

Сонымен қатар 2019 жылы қазақстандықтар арасында Айлин (3908), Айша (3823), Аяла (3607), Асылым (3285), Айару (3014), Әмина (2915), Кәусар (2309) есімдері де танымал болған.

Статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қыздар арасында Айзере мен Раяна есімдері 2015 жылдан бері үздік үштіктен түспей келеді екен.

Ал ұлдар арасында Әлихан, Айсұлтан және Нұрислам есімдері – төрт жыл бойы алдыңғы қатарда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда ерлі-зайыптылардың жаңа туған сәбиіне "Игра престолов" кейіпкерінің есімін бергенін жазған едік.

Сонымен қатар өткен жылдың жетоқсан айында екінші сәбиін дүниге әкелген "Асыл" тобының мүшесі де қызына ерекше ат қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1834804-top-10-kazakstanda-2019-zyly-balaga-e-kp-kojylgan-esimder-belgili-boldy/

pixel