RU
Индонезияда әлемдегі ең үлкен гүл табылды (фото)

Индонезияда әлемдегі ең үлкен гүл табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар Индонезияда әлемдегі ең үлкен гүл – раффлезияны тапты. Бұл туралы Батыс Суматраның табиғи ресурстарды күзету орталығы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Батыс Суматраның табиғи ресурстарды күзету орталығы

Фото: Батыс Суматраның табиғи ресурстарды күзету орталығы

Ведомствоның ақпарынша, гүлдің диаметрі шамамен 122 сантиметрді құрап, абсолютті рекорд орнатқан.

Белгілі болғандай, раффлезия өзіне дейінгі рекорд иегерінің орнында өсіп шыққан. Бұған дейінгі ең үлкен гүлдің көлемі 10 сантиметрге кішірек болыпты.

Ерекше әрі сирек кездесетін бұл өсімдік әдетте Малакка түбегінде, Суматра, Ява, Калимантан, Филиппин аралдарында өседі. Текте 30 биологиялық түр бар, олардың бәрі – паразит-өсімдіктер.

Фото: CNN, Индонезия

Фото: CNN, Индонезия

Айта кетейік, бұған дейін әлемдегі ең қымбат тағамдар жайлы жазған болатынбыз.

Әлемдегі ең қымбат тұшпараны Нью-Йорктегі "Golden Gates" мейрамханасынан табуға болады. Бұл жерге ресейлік эмигранттар жиі келеді.

Көк түсті тұшпараның құрамына арқан балық, шошқа және бұзау еті кіреді. Ал оның қамыры көк түсті бояғыштан емес, факел балығынан жасалады. Таза өнімнің арқасында тұшпара жасыл-көк түске боялады.

Сонымен қатар, Шафран әлемдегі ең қымбат қоспа болып саналады. Ол қолдан өндіріледі. Біріншіден сұрыпталып, кептіріледі.

Бір келі шафран өндіріп алу үшін жарты миллион аталық жинап алу қажет. Мұндай өнімнің бір келісі 6000 доллардан асып кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel