RU
Ердос Қанаевтың үлкен ұлы көз жұмды

Ердос Қанаевтың үлкен ұлы көз жұмды

Рассказать Вконтакте

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың тұңғыш ұлы Әбдурахим қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/erdoskanaev

Фото: instagram.com/erdoskanaev

Қаралы хабармен Instagram әлеуметтік желісінде продюсер Ерғали Әбдірайымов бөліскен.

Әбдірайымов жазбасында Ердос Қанаевқа көңіл айтқан.

"Айналайын Ердос бауырым!!! Абдурахим "періште" ұлыңды, Жаратқан Ием өз мейріміне алсын. Қайғырыңа ортақтасып көңіл айтамын" , - деп жазған ол.

Сондай-ақ Әбдірайымовтың жазуынша, жаназа ертең, сағат 14:00-де, Тұздыбастау ауылында шығарылмақ.

Қаралы хабарды оқыған желідегілер де Ердос пен оның отбасына қайғыра көңіл айтты.

"Иманды болсын! Сабыр берсін", "Арты қайырлы болсын", "Ата-анасына сабыр берсін", "Иманы саламат болсын", "Артының қайырын берсін", - деп жазды көпшілік.

Айта кетсек, күні кеше Арыстанбек Мұхамедиұлыны анасы қайтыс болған еді. Қаралы хабарды Facebook желісінде Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай жеткізген.

Күлімхан Жүндібайқызының жерлеу рәсімі 7 қаңтарда Алматы облысы, Қырғауылды ауылында өтеді.

Сондай-ақ, бұған дейін белгілі саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың анасы Ділдә Матайқызының өмірден озғанын хабарланды. Көпшілікке қаралы хабарды тележүргізуші Мейіржан Әлібекұлы жеткізген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel