RU

"Алтын орданы" алты айда бағындырдым": Жетісайлық шаштараз қалай миллионер атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысынан жұмыс іздеп Алматыға келген жастардың бірі – Нұрмахан Нишанов. Жетісай қаласының тумасы 11 жылдан бері шаштараздық жұмысты кәсіп етуде. Алдымен бірнеше салондарда нәпақасын тапқан жігіт бүгінде жүздеген адамды қабылдайтын өзінің жұмыс орнын ашты. Қарапайым шаштараздық қызметінен Нұрмахан жылына миллиондап табыс табатынын жасырмайды. Ол мұндай жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алтын орданы" алты айда бағындырдым": Жетісайлық шаштараз қалай миллионер атанды

Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жетісайлық жігіт жеке кәсібін ашпас бұрын бірнеше жыл Алматы базарларының маңындағы салондарда шаштараздық қызмет атқарып келгенін сөз етті.

"Алтын орданы" алты айда бағындырдым": Жетісайлық шаштараз қалай миллионер атанды

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

"Өзім Түркістан облысы, Жетісай қаласының тумасымын. Алматыда біршама ұстаздардан жақсылап шаш қиюды үйреніп, алып қалаға келгелі бері осы іспен айналысып жүрмін. Исраил, Ибраһим сынды шеберлердің алдын көріп, өзіме біраз тәжірибе жинадым. "Алтын Орда" базарының қасындағы салондардың бірінде 4 жыл жұмыс істедім. Кейін "Көк базар" маңындағы салонда тағы бір жыл істеп, өзімнің жұмыс орнымды ашамын деп шештім.
Бүгінде, Аллаға шүкір, ісім алға басып келеді. "Алтын Орда" базарының айналасындағы адамдар түгелдей дерлік менің салонымда шаш алдырады. Осы аймақты алты ай ішінде бағындырдым. Кейін "Апорт" сауда орталығының жанынан тағы бір салон аштым", - дейді Нұрмахан.
"Алтын орданы" алты айда бағындырдым": Жетісайлық шаштараз қалай миллионер атанды

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

Жас кәсіпкердің айтуынша, салонда шаш алдыру соншалықты қымбат емес. Десе де, ай сайынғы және жылына түсетін табыс айтарлықтай жақсы.

"Шыны керек, бізде баға қолжетімді. Кейде өзімнің емес, клинеттердің қалтасын ойлап кетем. Жігіттердің сақалын сәндеп қиып беру небары 500 теңге тұрады. Күніне 11 сағат бойы тынымсыз жұмыс істейміз. Бүгінде мен жылына 7 миллионнан аса табыс табатын жағдайға жеттім. Тек қана шаш қиып-ақ, табысты болуға мүмкіндік бар. Тек жолын табу қажет.
Меніңше, өз ісіңнен намыстанбай, жан-тәнімен беріліп жұмыс істесең, Алла бәрін реттейді. Мәселен, маған шаш алдыруға келетін студенттермен көп әңгімелесін. арлығына топырақ шашқым келмейді, бірақ университетте тек диплом үшін оқып жүргендер жоқ емес. Көпшілігінде мақсат жоқ. Ал егер өз жұмысыңды беріліп істесең, одан сайын шабытың ашылып, табысың арта түседі", - дейді шаштараз.
"Алтын орданы" алты айда бағындырдым": Жетісайлық шаштараз қалай миллионер атанды

Фото: Жеке мұрағаттан алынды

Нұрмахан қандай жұмыс болса да, ақша тауып, күн көру үшін ештеңеден намыстанбау қажеттігін қадап айтты.

"Сен мүмкін құрылысшы, мүмкін ағаш ұстасы, мүмкін дәнекерлеуші шығарсың. Бұдан еш қысылмау қажет. Әр адам өзінің сүйікті ісімен айналысса, өзіне де, қоғамға да пайдасы тиеді. Тек жұмысты шынайы махаббатпен істеуі керек. Сол сәтте бәрі де жақсы болады", - дейді ол.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алтын орданы" алты айда бағындырдым": Жетісайлық шаштараз қалай миллионер атанды
Mailfire view pixel